Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2012.06.25 № 268 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, « Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. « Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» шеңберінде 2012 жылға жастар практикасын ұйымдастыратын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі – жұмыс беруші) тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – жұмыспен қамту орталығы) жұмыс берушілермен жастар практикасын қаржыландыру туралы шарт жасасын.
3. Жұмыспен қамту орталығы техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының түлектерін (бұдан әрі – түлектер) «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» шеңберінде 2012 жылға жастар практикасына жолдауды қамтамасыз етсін.
4. Жұмыспен қамту орталығы түлектерді іріктеген кезде төмендегідей өлшемдерді ескерсін:
1) түлектердің жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұруы;
2) түлектердің жасы 29-дан аспауға тиіс;
3) кәсіптік білімі болуы;
4) жолдама беру сәтінде түлек үшін жұмыспен қамту орталығында лайықты тұрақты жұмыстың болмаған болуы керек.
5. Жұмысқа орналасқан түлектерге еңбекақы төлеу республикалық бюджет қаражатының есебінен жүргізіледі.
6. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Боранбаеваға жүктелсін.
7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімінің
міндетін атқарушы Қ. Нұрмұханов
КЕЛІСІЛДІ:
«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ж.А. Бекова
20 қаңтар 2012 ж.
«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту
орталығы» мемлекеттік мекемесінің
директоры
Б.С. Еңсепов
20 қаңтар 2012 ж.
«Жаңаөзен қалалық қаржылар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Р.Қ. Жантілеуова
20 қаңтар 2012 ж.
«Жаңаөзен қалалық экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Н.Б. Ғұмарова
20 қаңтар 2012 ж.
2012 жылы 20 қаңтар № 13
Жаңаөзен қала әкімдігінің қаулысына
қосымша
«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» шеңберінде 2012 жылға жастар практикасын ұйымдастыратынкәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесі
№ | Жұмыс берушілердің атауы | Кәсіптердің (лауазымдардың атауы) | Адам саны | Еңбекақы мөлшері /мың теңге/ | Жұмыс мерзімі | Қаржы көзі |
---|---|---|---|---|---|---|
1. |
«Петрол-Сер-вис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Есепшінің көмекшісі Шабарман Экономистің көмекшісі |
1 1 1 |
26000 (жиырма алты) 26000 (жиырма алты) 26000 (жиырма алты) |
6 ай 6 ай 6 ай |
Республикалық бюджет Республикалық бюджет Республикалық бюджет |
2. |
«Қалалық перезентхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын |
Электронды есептеуіш машина операторының көмекшісі Медбикенің көмекшісі |
1 1 |
26000 (жиырма алты) 26000 (жиырма алты) |
6 ай 6 ай |
Республикалық бюджет Республикалық бюджет |
3. |
№ 16 «Ертегі»балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын |
Экономистің көмекшісі |
1 |
26000 (жиырма алты) |
6 ай |
Республикалық бюджет |
4. |
«Бұрғылау»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Іс-жүргізушінің көмекшісі Бұрғышының көмекшісі |
1 5 |
26000 (жиырма алты) 26000 (жиырма алты) |
6 ай 6 ай |
Республикалық бюджет Республикалық бюджет |
5. |
«Жаңөзен қалалық балалар емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын |
Медициналық тіркеушінің көмекшісі Іс-жүргізушінің көмекшісі |
1 1 |
26000 (жиырма алты) 26000 (жиырма алты) |
6 ай 6 ай |
Республикалық бюджет Республикалық бюджет |
6. |
«Digital-TV»- «Digital-TV Актау»- жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Электриктің көмекшісі Ақпарат жүйелеушінің көмекшісі |
1 1 |
26000 (жиырма алты) 26000 (жиырма алты) |
6 ай 6 ай |
Республикалық бюджет Республикалық бюджет |
7. |
«Маңғыстау ЖҒӨ орталығы» ЕМК Жаңаөзен филиалы |
Электронды есептеуші машина операторының көмекшісі |
2 |
26000 (жиырма алты) |
6 ай |
Республикалық бюджет |
8. |
«Жаңаөзен қаласының жеңіл атлетика және футбол бойынша балалар –жасөспірім-дер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны |
Электронды есептеуіш машина операторының көмекшісі |
1 |
26000 (жиырма алты) |
6 ай |
Республикалық бюджет |
9. |
«Теміртас- 1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Заңгердің көмекшісі |
1 |
26000 (жиырма алты) |
6 ай |
Республикалық бюджет |
10. |
«Өнер» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын |
Хатшының көмекшісі Есепшінің көмекшісі |
1 1 |
26000 (жиырма алты) 26000 (жиырма алты) |
6 ай 6 ай |
Республикалық бюджет Республикалық бюджет |
11. |
№ 11 «Балдырған» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын |
Тәрбиешінің көмекшісі |
1 |
26000 (жиырма алты) |
6 ай |
Республикалық бюджет |
12. |
№ 10 «Қарылғаш» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын |
Шабарман |
1 |
26000 (жиырма алты) |
6 ай |
Республикалық бюджет |
13. |
№ 12 «Айгөлек» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын |
Тәрбиешінің көмекшісі |
1 |
26000 (жиырма алты) |
6 ай |
Республикалық бюджет |
14. |
№ 15 «Әлия» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын |
Тәрбиешінің көмекшісі |
1 |
26000 жиырма алты) |
6 ай |
Республикалық бюджет |
15. |
«О.Тұрмағамбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын |
Шабарман |
1 |
26000 (жиырма алты) |
6 ай |
Республикалық бюджет |
16. |
«Жаңаөзен кәсіптік лицейі» мемлекеттік мекемесі |
Электронды есептеуіш машина операторының көмекшісі |
1 |
26000 (жиырма алты) |
6 ай |
Республикалық бюджет |
17. |
«Қалалық жастар орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын |
Ақпарат жүйелеушінің көмекшісі Есепшінің көмекшісі |
1 1 |
26000 (жиырма алты) 26000 (жиырма алты) |
6 ай 6 ай |
Республикалық бюджет Республикалық бюджет |
Барлығы: |
30 |