Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 26.03.2015 № 407 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42-бабына сәйкес Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге соталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері белгіленсін: қала аумақтарын көріктендіру және жинау.
2.«Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» мемлекеттік мекемесімен келісу бойынша қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жазаны өтеуге арналған обьектілердің тізімдерін соттарға тоқсан сайын ұсынсын.
3.Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Көшмағамбетовке жүктелсін.
4.Осы қаулы әділет орнында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі С. Трұмов