Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерiн белгiлеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 08 тамыздағы № 328 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 12 қыркүйекте № 2145 тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 407 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 26.03.2015 № 407 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42-бабына сәйкес Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге соталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері белгіленсін: қала аумақтарын көріктендіру және жинау.
      2.«Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,  жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» мемлекеттік мекемесімен келісу бойынша қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жазаны өтеуге арналған обьектілердің тізімдерін соттарға тоқсан сайын ұсынсын.
      3.Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары    Т. Көшмағамбетовке жүктелсін.
      4.Осы қаулы әділет орнында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                              С. Трұмов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады