Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидасын бекiту туралы

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 шілдедегі № 5/44 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 15 тамызда № 11-5-135 тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 тамыздағы № 18/192 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 01.08.2018 № 18/192 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы"Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы (бұдан әрі-Қағида) бекітілсін.

      2. "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.Н.Каимова, келісім бойынша) аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Маңғыстау аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттігі және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрайымы Қ.Бөбетай, келісім бойынша) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Е.Мамбетнияз

Аудандық мәслихат


хатшысы

Т.Қылаңов


      КЕЛІСІЛДІ:

      "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      Каимова Сәнімгүл Нақыпқызы

      24 шілде 2012 жыл

      "Маңғыстау аудандық экономика

      және қаржы бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің бастығы

      Шабикова Рима Нерражимқызы

      24 шілде 2012 жыл

  Маңғыстау аудандық мәслихатының
2012 жылғы 24 шілдедегі № 5/44
шешімімен бекітілген

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы

      Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрын үй көмегін көрсету Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2004 жылғы 05 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы", 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулыларына және Қазақстан Републикасының Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп – ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;

      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

      3) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      4) уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) (келісім бойынша).

      2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Маңғыстау ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) жекешелендірілген тұрғын үй - жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй - жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй - жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;

      4) алынып тасталсын - Маңғыстау аудандық мәслихатының 21.11.2014 № 21/173 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау аудандық мәслихатының 29.04.2013 № 9/81 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй – жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп - ұстауға арналған шығыстарға, тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Отбасының шекті жол берілетін шығыстардың үлесі отбасының жиынтық табысының 7 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістертер енгізілді - Маңғыстау аудандық мәслихатының 21.11.2014 № 21/173 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегін алуға тапсырылған құжаттар негізінде анықталады.

      5. Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес есептеледі.

      6. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес жүргізіледі.

      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтерді тұтынудың келесі әлеуметтік нормалары ескеріледі:

      1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормалары:

      бір адамға 18 шаршы метр, бірақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;

      жалғыз басты азаматтар үшін – 33 шаршы метр,бірақ бір бөлмелі пәтердің мөлшерінен аз емес және нақты алып жатқан алаңынан артық емес;

      2) электр қуаты нормалары (бір айда):

      бір адамға – 90 киловатт;

      екі адамға – 120 киловатт;

      үш адамға және одан да көп адамнан тұратын отбасына - 150 киловатт.

      3) газ нормалары (бір айда):

      жылу қазандығына – 1200 текше метр;

      газ плитасына бір адамға – 12,5 текше метр.

      4) су пайдалану нормалары:

      ауыз су тәулігіне бір адамға – 40 литр;

      су құбырымен, кәрізбен және ваннамен жабдықталған тұрғын үйлер, тәулігіне бір адамға – 120 литр.

      8. Тұрғын үйді ұстау, тұрғын үй – коммуналдық қызметтердің белгіленген нормадан артық төлемақысы жалпы негізде жүзеге асырылады.

      9. алынып тасталсын - Маңғыстау аудандық мәслихатының 21.11.2014 № 21/173 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау аудандық мәслихатының 29.04.2013 № 9/81 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      10. алынып тасталды - Маңғыстау аудандық мәслихатының 29.04.2013 № 9/81 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      11. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);

      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;

      3) мекенжай анықтамасы не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын ауыл әкімдерінің анықтамасы;

      4) отбасының табысын растайтын құжаттар.

      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп – ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек – шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      8)жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;

      9) алынып тасталсын - Маңғыстау аудандық мәслихатының 21.11.2014 № 21/173 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - Маңғыстау аудандық мәслихатының 29.04.2013 № 9/81; 11.03.2014 № 15/129 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 3.05.2017 № 8/102 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      12. Уәкілетті органға құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      13. Уәкілетті орган құжаттарды тіркейді және өтініш берушіге құжаттарды қабылдағандығы туралы растама қағазды береді.

      14. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажет құжаттарды өтініш берушіден қабылдап алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оларды қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдайды, бұл туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлайды, бас тартқан жағдайда оның себебін көрсетеді.

      Шешім - уәкілетті орган маманының және басшысының қолтаңбасы арқылы куәландырылған, тұрғын үй көмегін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы құжат болып табылады.

      15. Тұрғын үй көмегі, оны алуға құқығы бар жағдайда, өтініш берген айдан бастап сол тоқсанға тағайындалады.

      Отбасының (азаматтың) табыстарын растайтын құжаттар тоқсан сайын ұсынылғаннан кейін тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу жүргізіледі.

      16. Өзге адамның көмегіне мұқтаж он алты жасқа дейінгі бала күнінен мүгедектерді, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі балаларды бағып – күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда еңбекке жарамды жұмыс жасамайтын және уәкілетті органда тіркелмеген азаматтары бар отбасыларға, сондай – ақ меншігінде біреуден артық тұрғын үйі бар немесе үйін жалға берген азаматтарға тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.

      17. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан немесе қоғамдық жұмыстарға қатысудан, кәсіптік даярлау, қайта даярлаудан, кәсіптілігін арттырудан себепсіз бас тартқан және оқуға қатысуды өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.

      18. Тұрғын үй көмегін алушы тұрғын үй көмегін төлеу мөлшерінің өзгеруіне негіз бола алатын мән - жайлар туралы он бес күн мерзімде уәкілетті органға хабарлайды.

      19. Тұрғын үй көмегі мөлшеріне ықпал ететін мән - жайлар туындаған жағдайда, өзгерістер енгізілген айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеледі.

      20. Өтініш беруші жалған мәлімет беру арқылы заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға жол бергені айқындалған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу оны тағайындау мерзіміне тоқтатылады.

      Артық төленген сомалар бюджетке қайтарылады, ал алушы өз еркімен қайтарудан бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган аударылған төлемдерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндіріп алады.

      21. Жалғыз тұратын тұрғын үй көмегін алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      Тұрғын үй көмегін алушы отбасы мүшесінің бірі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеу жүргізіледі.

3. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      22. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушының, қызмет көрсетушілердің, кондоминиум объектілерінің басқару органдарының жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады (келісім бойынша).

      Шоттарға ақшалай сомаларды аудару уәкілетті органмен ай сайын жүргізіледі.

Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)

Решение Мангистауского районного маслихата Мангистауской области от 24 июля 2012 года № 5/44. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 15 августа 2012 года № 11-5-135. Утратило силу решением Мангистауского районного маслихата Мангистауской области от 1 августа 2018 года № 18/192

      Сноска. Утратило силу решением Мангистауского районного маслихата Мангистауской области от 01.08.2018 № 18/192 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Бюджетным Кодексом Республики Казахстан от 04 декабря 2008 года № 95-IV, Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 16 апреля 1997 года № 94 "О жилищных отношениях" и Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) (далее - Правила).

      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Мангистауского района" (С.Н.Каимова, по согласованию) обеспечить назначение и выплату жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию по социальным вопросам, законности, правопорядка, по депутатским полномочиям и этике Мангистауского районного маслихата (председатель комиссии К.Бобетай, по согласованию).

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель сессии

Е.Мамбетнияз

Секретарь районного


маслихата

Т.Кыланов


      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник государственного учреждения

      "Мангистауский районный отдел занятости

      и социальных программ"

      Каимова Санимкуль Накиповна

      24 июля 2012 года

      Начальник государственного учреждения

      "Мангистауский районный отдел

      экономики и финансов"

      Шабикова Рима Нерражимовна

      24 июля 2012 года

  Утверждены решением Мангистауского
районного маслихата от 24 июля 2012 года
№ 5/44

Правила оказания жилищной помощи
малообеспеченным семьям (гражданам)

      Настоящие Правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) (далее - Правила) разработан в соответствии с Законами Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года № 94 "О жилищных отношениях", от 05 июля 2004 года "О связи" и Бюджетным Кодексом Республики Казахстан от 04 декабря 2008 года № 95-IV, постановлениями Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" и приказом председателя агентства по делам строительcтва и жилищно – коммунального хозяйства Республики Казахстан от 05 декабря 2011 года № 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде" и определяет порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам).

1. Общие положения

      1. В Правилах используются основные понятия:

      1) доля предельно – допустимых расходов – отношение предельно-допустимого уровня расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу семьи (гражданина) в процентах;

      2) совокупный доход семьи (гражданина) – общая сумма доходов семьи (гражданина), за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи;

      3) орган управления объектом кондоминиума – физическое или юридическое лицо, осуществляющее функции по управлению объектом кондоминиума;

      4) уполномоченный орган – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Мангистауского района" (далее – уполномоченный орган) осуществляющее назначение жилищной помощи (по согласованию).

      5) расходы на содержание жилого дома (жилого здания) – обязательная сумма расходов собственников помещений (квартир) посредством ежемесячных взносов, установленных решением общего собрания, на эксплуатацию и ремонт общего имущества объекта кондоминиума, содержание земельного участка, расходы на приобретение, установку, эксплуатацию и поверку общедомовых приборов учета потребления коммунальных услуг, расходы на оплату коммунальных услуг, потребленных на содержание общего имущества объекта кондоминиума, а также взносы на накопление денег на предстоящий в будущем капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума или отдельных его видов;

      6) малообеспеченные семьи (граждане) – лица, которые в соответствии с жилищном законодательством Республики Казахстан имеют право на получение жилищной помощи.

      2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета

      малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в Мангистауском районе, на оплату:

      1) расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях

      (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых

      помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;

      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;

      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде;

      4) исключен решением Мангистауского районного маслихата Мангистауской области от 21.11.2014 года № 21/173 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Пункт 2 в новой редакции, внесенными решением Мангистауского районного маслихата от 29.04.2013 № 9/81 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление

      коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за

      пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в

      частном жилищном фонде, стоимости однофазного счетчика электрической

      энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и

      контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом

      доме, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи

      (граждан) на эти цели, установленных местными представительными органами.

      Доля предельно допустимых расходов семьи устанавливается к совокупному доходу семьи в размере 7 процентов.

      Сноска. Пункт 3 в новой редакции, внесенными решением Мангистауского районного маслихата от 29.04.2013 № 9/81 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Определение совокупного дохода семьи (гражданина), претендующего на получения жилищной помощи производится на основании документов, представляемых при обращении за жилищной помощью.

      5. Совокупный доход семьи исчисляется в соответствии приказа председателя агентства по делам строительства и жилищно – коммунального хозяйства Республики Казахстан от 05 декабря 2011 года № 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органам в частном жилищном фонде".

      6. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам осуществляется постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказания услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам".

      7. При назначении жилищной помощи учитываются следующие нормы площади жилья и потребления коммунальных услуг, обеспечиваемые компенсационными мерами:

      1) нормы площади жилья, обеспечиваемые компенсационными мерами:

      на одного человека – 18 квадратных метров, но не более фактически занимаемой площади;

      для одиноко проживающих граждан – 33 квадратных метров, но не менее размера однокомнатной квартиры и не более фактически занимаемой площади.

      2)нормы электроэнергии (в месяц):

      на одного человека – 90 киловатт;

      на двух – 120 киловатт;

      на трех и более человек – 150 киловатт.

      3) нормы газа (в месяц):

      на отопление – 1200 кубических метров;

      газовая плита на одного человека – 12,5 кубических метров.

      4) нормы потребления воды:

      питьевая вода на одного человека в сутки – 40 литров;

      жилые дома, оборудованные водопроводом, канализацией и ваннами, на одного человека в сутки – 120 литров.

      8. Оплата содержания жилища и потребления жилищно – коммунальных услуг сверх установленной нормы производится на общих основаниях.

      9.исключен решением Мангистауского районного маслихата Мангистауской области от 21.11.2014 года № 21/173 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Пункт 9 в новой редакции, внесенными решением Мангистауского районного маслихата от 29.04.2013 № 9/81 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      10. исключен решением Мангистауского районного маслихата от 29.04.2013 № 9/81 (вводится в действие с 01.01.2013).

2. Порядок назначения жилищной помощи

      11. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) обращается в уполномоченный орган с заявлением и представляет следующие документы:

      1) документ, удостоверяющий личность заявителя (представляется для идентификации личности услугополучателя);

      2) копию правоустанавливающего документа на жилище;

      3) адресную справку либо справку сельских акимов, подтверждающую регистрацию по постоянному месту жительства заявителя;

      4) документы, подтверждающие доходы семьи;

      5) счета о размерах ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);

      6) счета на потребление коммунальных услуг;

      7) квитанцию – счет за услуги телекоммуникаций или копия договора на оказание услуг связи;

      8) счет о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленный местным исполнительным органом;

      9)исключен решением Мангистауского районного маслихата Мангистауской области от 21.11.2014 года № 21/173 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Пункт 11 с изменениями, внесенными решениями Мангистауского районного маслихата от 29.04.2013 № 9/81; от 11.03.2014 № 15/129 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 3.05.2017 № 8/102 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
     

      12. Документы представляются в уполномоченный орган, в подлинниках и копиях. После сверки подлинники документов возвращаются заявителю.

      13. Уполномоченный орган регистрирует документы и выдает заявителю подтверждение о принятии документов.

      14. Уполномоченный орган в течение десяти календарных дней со дня принятия необходимых для назначения жилищной помощи документов от заявителя рассматривает их и принимает решение о назначении или отказе в назначении жилищной помощи, о чем письменно уведомляет заявителя, а в случае отказа – с указанием его причины.

      Решение представляет собой документ о назначении (отказе в назначении) жилищной помощи, удостоверенный подписи специалиста и руководителя уполномоченного органа.

      15. Жилищная помощь назначается при наличии права на нее – с месяца обращения на квартал.

      Перерегистрация получателей жилищной помощи производится ежеквартально после предоставления подтверждающего документа о полученных доходах семьи (гражданина).

      16. Гражданам, имеющим в частной собственности более одной единицы жилья (квартир), или сдающим жилые помещения в аренду и семьям, имеющим трудоспособных граждан, которые не зарегистрированы в уполномоченном органе, кроме лиц, занятых уходом за инвалидом с детства до шестнадцати лет, инвалидом первой и второй группы, лиц, старше восьмидесяти лет, лицам, занимающимся воспитанием детей в возрасте до трех лет, жилищная помощь не назначается.

      17. Безработные, отказавшиеся от предложенной работы и трудоустройства, в том числе на социальное рабочее место или общественную работу, от профессиональной подготовки, переподготовки, повышения квалификации или самовольно прекратившие участие в таких работах и обучении, теряют право на получение жилищной помощи.

      18. Получатель жилищной помощи в пятнадцатидневный срок информирует уполномоченный орган об обстоятельствах, которые могут служить основанием для изменения размера жилищной помощи.

      19. При возникновении обстоятельств, влияющих на размер жилищной помощи, производится перерасчет, начиная с месяца, следующего за тем месяцам, в котором наступили соответствующие изменения.

      20. В случае выявления представления заявителем недостоверных сведений, повлекших за собой незаконное назначение жилищной помощи, выплата жилищной помощи прекращается на период ее назначения.

      Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в бюджет, а в случае отказа получателем возвратить в добровольном порядке, уполномоченный орган взыскивает перечисленные выплаты в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

      21. В случае смерти одиноко проживающего получателя жилищной помощи выплата жилищной помощи прекращается с месяца следующего за месяцем смерти.

      В случае смерти одного из членов семьи получателя жилищной помощи, производится перерасчет с месяца следующего за месяцем смерти.

3. Порядок выплаты жилищной помощи

      22. Выплата жилищной помощи осуществляется уполномоченным органом по заявлению получателя жилищной помощи через банки второго уровня, на лицевые счета получателя жилищной помощи, поставщиков услуг, органов управления объектов кондоминиума (по согласованию).

      Перечисление денежных сумм на счета производится уполномоченным органом ежемесячно.