Маңғыстау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 шілдедегі №5/44 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй кқмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 21/173 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 желтоқсанда № 2557 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 тамыздағы № 18/192 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 01.08.2018 № 18/192 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Маңғыстау аудандық маслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Маңғыстау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 шілдедегі № 5/44 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-5-135 болып тіркелген, 2012 жылғы 22 тамыздағы № 39 "Жаңа өмір" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:

      2 тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

      3 тармақтағы "жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге" деген сөздер алынып тасталсын;

      9 тармақ алынып тасталсын;

      11 тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Маңғыстау аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3.Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттігі және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрайымы Қ.Бөбетай) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Ж.Керелбаева

Аудандық мәслихат хатшысы

Т. Қылаңов


      "КЕЛІСІЛДІ:"

      "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Каимова Сәнімгүл Нақыпқызы

      21 қараша 2014 ж

      "КЕЛІСІЛДІ:"

      "Маңғыстау аудандық экономика

      және қаржы бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Шабикова Рима Нерражимқызы

      21 қараша 2014 ж

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады