Маңғыстау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 шілдедегі № 5/44 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешімінің қосымшасына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы № 15/129 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 сәуірде № 2387 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 тамыздағы № 18/192 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 01.08.2018 № 18/192 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1303 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Маңғыстау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 шілдедегі № 5/44 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 15 тамыздағы № 11-5-135 болып тіркелген, аудандық "Жаңа өмір" газетінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 39 санында жарияланған) шешімінің қосымшасына келесідей өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшаның 11-тармағының 3) тармақшасы келесідей редакцияда жазылсын:

      "3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;".

      2. Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы шешімді аудан әкімдігінің ресми сайтында жариялауды қамтамасыз етсін (Т.Қылаңов).

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Т. Абдулаева

Аудандық


мәслихат хатшысы

Т. Қылаңов


      "КЕЛІСІЛДІ":

      "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы:

      Каимова Санимкуль Нахиповна

      11 наурыз 2014 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ":

      "Маңғыстау аудандық экономика

      және қаржы бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы:

      Шабикова Рима Нерражимқызы

      11 наурыз 2014 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады