Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 15.03.2016 № 39/269 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 20 маусым 2003 жылғы № 442 Жер Кодексінің 8,11-баптарына, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 387-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. № 1 және № 2 қосымшаларға сәйкес Форт-Шевченко қаласы мен Баутин ауылы бойынша салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы және базалық салықтық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 15.03.2016 № 39/269 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 29.10.2015 № 34/233 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Сессия төрағасы | А. Тасболатов |
Аудандық мәслихат | |
хатшысы | А.Досанова |
"Түпқараған ауданы бойынша
салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Ж. Утепбергенова
12 қыркүйек 2012 жыл
"Түпқараған аудандық жер
қатынастары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
М. Досжанов
12 қыркүйек 2012 жыл
Түпқараған аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 7/46 шешіміне № 1 - қосымша |
Форт-Шевченко қаласы мен Баутин ауылы бойынша салық мақсатында аймақтарға бөлу схемасы
масштаб 1:150 000
Ескерту. 1-Қосымшада "поселкесі", "поселкесінің", "поселкесінде" деген сөздер "ауылы", "ауылының" "ауылында" деген сөздермен ауыстырылды – Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 29.10.2015 № 34/266 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).(Суретті қағаз мәтіннен қараңыз)
Түпқараған аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 7/46 шешіміне № 2 - қосымша |
Форт-Шевченко қаласы және Баутин ауылы бойынша базалық салықтық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері
Ескерту. 2-Қосымшада "поселкесі", "поселкесінің", "поселкесінде" деген сөздер "ауылы", "ауылының" "ауылында" деген сөздермен ауыстырылды – Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 29.10.2015 № 34/266 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 15.03.2016 № 39/269 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен. Аймақ | Аумақтық әкімшілік бірліктер | Түзету коэффициенттері |
I | Теңіз жағалауы, Баутин ауылы, Аташ елді мекені | 1,5 |
II | Өнеркәсіп жерлері | 1,5 |
III | Селитебтік аймақ (Форт-Шевченко қаласының орталығы) | 1,4 |
IV | Селитебтік аймақ (Форт-Шевченко қаласындағы жаңа құрылыс) | 1,3 |
V | Жол қапталы (аудандық маңызы бар автокөлік жолдары) 100 метрден екі жаққа | 1,0 |
VI | Резервтегі аймақ -1 | 0,5 |
VII | Резервтегі аймақ -2 | 0,5 |
VIII | Резервтегі аймақ -3 | 0,5 |
Аймақтардың сипаттамасы
I аймақ - теңіз жағалауы, Баутин ауылы және Аташ елді мекені. Жағаның ені - 1километр.Баутин ауылының әкімшілік-қоғамдық ғимараттары дербес жылу, су көздерімен қамтамасыз етілген. Баутин ауылында екі орта мектеп, политехникалық колледж филиалы, емхана, балабақша, қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану орындары, спорт алаңдары бар.
II аймақ - өнеркәсіп жерлері.
III аймақ - селитебтік аймақ, қаланың орталық бөлігі, оған М.Әбдіхалықов, Жамбыл, Т.Әлиев, Д.Тәжиев, О.Тұрмағанбетұлы, Ж.Мыңбайұлы, Т.Әлниязұлы, Н.Шымыров, Ж.Қызылбаев, Х.Бекжанов, С.Үргенішбайұлы, И.Жанболатова атындағы көшелер кіреді. Бұл аймақта негізгі әкімшілік ғимараттары, орта білім беретін мектептер, өнер мектебі, спорттық алаңдар, балабақшалар, жастар үйі, байланыс үйі, кітапхана, емхана, аурухана қалашығы, мешіт, шіркеу, базар, қонақ үйі, мұражай кешені, дүкендер, кафе, мейрамханалар орналасқан. Форт-Шевченко қаласының әкімшілік - қоғамдық ғимараттары дербес су, жылу, канализация жүйелерімен қамтамасыз етілген.
IV аймақ - селитебтік аймақ, жаңадан игеріліп жатқан жеке құрылыс учаскелерінен тұрады.
V аймақ - аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының екі жағындағы 100 метрлік жол қапталы.
VІ аймақ - резервтік аймақ - 1.
VІІ аймақ - резервтік аймақ - 2.
VІІІ аймақ - резервтік аймақ - 3.