Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 12 қыркүйектегі №7/46 "Форт-Шевченко қаласы мен Баутин ауылы бойынша салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасын және базалық салықтық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 наурыздағы № 39/269 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 сәуірде № 3008 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 10/88 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 17.03.2017 № 10/88 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2016 жылғы 14 ақпандағы № 10-11-513 ақпараттық хатының негізінде, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 7/46 "Форт-Шевченко қаласы мен Баутин ауылы бойынша салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасын және базалық салықтық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2164 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 қазандағы № 60-61 "Ақкетік арайы" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын:
      "Форт-Шевченко қаласы мен Баутин ауылы бойынша салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасын және базалық салықтық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы";
      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын:
      "1. № 1 және № 2 қосымшаларға сәйкес Форт-Шевченко қаласы мен Баутин ауылы бойынша салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы және базалық салықтық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері бекітілсін.";
      2 қосымшада:
      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын:
      "Форт-Шевченко қаласы және Баутин ауылы бойынша базалық салықтық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері".
      2. Түпқараған аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Ізбен) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін , оның "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
      күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихат хатшысы А.Досанова

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Баутин ауылының әкімі
      Д.Меңдіханов
      15 наурыз 2016 жыл
      
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      министрлігінің Мемлекеттік кірістер
      комитеті Маңғыстау облысы бойынша
      Мемлекеттік кірістер департаментінің
      Түпқараған ауданы бойынша мемлекеттік
      кірістер басқармасы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Ж.Өтепбергенова
      15 наурыз 2016 жыл
      
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Түпқараған аудандық жер қатынастары
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
      И.Науханов
      15 наурыз 2016 жыл
      
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Форт-Шевченко қаласының әкімі
      А.Нұрдәулетов
      15 наурыз 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады