Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қосымшаға сәйкес Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын кен орнының жер асты сулары № 2, № 4а, № 12/74 (0906) ұңғымаларының шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Садуақасов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің Қостанай
облысы бойынша департаменті"
мемлекеттік мекемесі директорының
міндетін атқарушы
___________________ Ю. Севостьянов
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі Су
ресурстары комитетінің Су
ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
____________________ Г. Оспанбекова
Әкімдіктің 2012 жылғы 3 қазандағы № 420 қаулысына қосымша |
Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын кен орнының жер
асты сулары № 2, № 4а, № 12/74 (0906)
ұңғымаларының шаруашылық-ауыз су тартудың
санитарлық қорғау аймақтары
Су | Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері | |||||
І - белдеу | ІІ - белдеу | ІІІ - белдеу | ||||
Шекарасы | Ауданы | Шекарасы | Ауданы | Шекарасы | Ауданы | |
№ 2 |
Радиусі - |
0,785 |
Ұзындығы |
1,3 |
Ұзындығы |
50,32 |
№ 4а |
Радиусі - |
0,785 |
Ұзындығы |
1,68 |
Ұзындығы |
52,64 |
№ 12/74 |
Радиусі - |
0,785 |
Ұзындығы |
2 |
Ұзындығы |
68 |
Ескерту: "Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын кен орнының жер асты сулары №№ 2, 4а, 12/74 (0906) ұңғымаларының санитарлық қорғау аймақтарының санитарлық-гидрологиялық негіздеу" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген. (Тапсырыс беруші "Құсмұрын ЖЭК" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны).