Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын кен орнының жер асты сулары № 2, № 4а, № 12/74 (0906) ұңғымаларының шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 420 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 12 қазанда № 3848 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қосымшаға сәйкес Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын кен орнының жер асты сулары № 2, № 4а, № 12/74 (0906) ұңғымаларының шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау комитетінің Қостанай
      облысы бойынша департаменті"
      мемлекеттік мекемесі директорының
      міндетін атқарушы
      ___________________ Ю. Севостьянов
      "Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі Су
      ресурстары комитетінің Су
      ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
      бассейндік инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ____________________ Г. Оспанбекова

  Әкімдіктің
2012 жылғы 3 қазандағы
№ 420 қаулысына қосымша

Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын кен орнының жер
асты сулары № 2, № 4а, № 12/74 (0906)
ұңғымаларының шаруашылық-ауыз су тартудың
санитарлық қорғау аймақтары

Су
тарту
көзінің
атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

І - белдеу

ІІ - белдеу

ІІІ - белдеу

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

№ 2
ұңғыма

Радиусі -
әр
ұңғыманың
айналасында
50 метр

0,785
гектар

Ұзындығы
– 193
метр
Барынша
ені –
138 метр

1,3
гектар

Ұзындығы
– 1012
метр
Барынша
ені –
660 метр

50,32
гектар

№ 4а
ұңғыма

Радиусі -
әр
ұңғыманың
айналасында
50 метр

0,785
гектар

Ұзындығы
– 193
метр
Барынша
ені –
162 метр

1,68
гектар

Ұзындығы
– 1012
метр
Барынша
ені –
694 метр

52,64
гектар

№ 12/74
(0906)
ұңғыма

Радиусі -
әр
ұңғыманың
айналасында
50 метр

0,785
гектар

Ұзындығы
– 218
метр
Барынша
ені –
166 метр

2
гектар

Ұзындығы
– 1911
метр
Барынша
ені –
472 метр

68
гектар

      Ескерту: "Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын кен орнының жер асты сулары №№ 2, 4а, 12/74 (0906) ұңғымаларының санитарлық қорғау аймақтарының санитарлық-гидрологиялық негіздеу" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген. (Тапсырыс беруші "Құсмұрын ЖЭК" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады