РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 20.11.2013 № 508 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына және "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі" электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары В.В. Мейстерге жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің
міндетін атқарушы В. Мейстер
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрі
____________________ А. Жұмағалиев
"Қостанай облысы әкімдігінің
энергетика және тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық
басқармасы" ММ бастығының
міндетін атқарушы
___________________ Ғ. Бекмұхамедов
Әкімдіктің
2012 жылғы 19 қарашадағы
№ 517 қаулысымен
бекітілген
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй
қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған
тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және
олардың кезегі" электрондық мемлекеттік
қызмет көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі" электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – электрондық мемлекеттік қызмет) Қостанай облысы аудандары, қалалары әкімдіктерінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерімен (бұдан әрі – қызмет беруші), сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық) арқылы немесе Өтініш берушіде электрондық-цифрлық қолтаңба болған жағдайда "электрондық үкіметтің: www.egov.kz" веб-порталы арқылы көрсетіледі.
2. Электрондық мемлекеттік қызмет "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 76 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1131 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі" мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
3. Электрондық мемлекеттік қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.
4. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету түрі: транзакциялық.
5. Осы "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі" электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі – Регламент) пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:
1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешендi қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, iздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрi – АЖ);
2) алушы – мемлекеттік қызмет коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж, тиісті елді мекенде (тұру мерзіміне қарамастан) тұрақты тұратын және Стандарттың 6-тармағында көрсетілген санаттарға жататын Қазақстан Республикасының азаматы;
3) бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе – бұл нотариаттық қызметті автоматтандыруға және әділет органдары мен нотариаттық палаталардың өзара іс-қимылына арналған ақпараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі - БНАЖ);
4) жеке сәйкестендiру нөмiрi - жеке тұлға, соның iшiнде өзіндік кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр (бұдан әрi – ЖСН);
5) Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚКО АЖ) – халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) ХҚКО арқылы, сондай-ақ тиісті министрліктер мен ведомстволардың қызмет көрсету үдерісін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;
6) пайдаланушы – өзіне қажеттi электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшiн ақпараттық жүйеге жүгiнетiн және оларды пайдаланатын субъект;
7) транзакциялық қызмет көрсету – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, өзара ақпарат алмасуды талап ететiн, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнiнде қызмет көрсету;
8) электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
9) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық мемлекеттiк қызметтер көрсетуге қол жеткізудің бiрыңғай терезесi болатын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮП);
10) электрондық мемлекеттiк қызметтер көрсету - ақпараттық технологияларды қолдана отырып, электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер;
11) "электрондық үкіметтің" өңірлік шлюзі – жергілікті аткарушы органдардың ішкі жүйелері/кіші жүйелері және жергілікті аткарушы органдардың электрондық қызметтерді көрсету үрдісіне қатысатын сыртқы ақпараттық жүйелері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді (бұдан әрі – ЭҮӨШ);
12) "электрондық үкіметтің" шлюзі – электрондық қызметтер көрсетуді іске асыру шеңберінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық жүйелерін интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮШ);
13) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiгiн және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі (бұдан әрi – ЭЦҚ).
2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету
жөніндегі қызмет беруші іс-әрекетінің тәртібі
6. Қызмет берушінің ЭҮП арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі қадамдық іс-қимылдары мен шешімдері (функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы) Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген:
1) алушы ЭҮП-те тіркелуді ЖСН және парольдің көмегімен жүзеге асырады (ЭҮП-те тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-үдеріс – алушының электрондық мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП–те ЖСН және парольді енгізуі (авторизациялау үдерісі);
3) 1-шарт – ЖСН және пароль арқылы тіркелген алушы туралы деректердің түпнұсқалығын ЭҮП-те тексеру;
4) 2-үдеріс – алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты ЭҮП-пен авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5) 3-үдеріс – алушының Регламентте көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметті таңдауы, электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізу), Стандарттың 11-тармағында көрсетілген электрондық түрдегі құжаттардың қажетті көшірмелерін сұрау салу нысанына бекіту, сондай-ақ алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
6) 2-шарт – ЭҮП-те ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайта шақырылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) сәйкес келуін тексеру;
7) 4-үдеріс – алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 5-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды алушының ЭЦҚ арқылы куәландыру және электрондық құжатты (сұрау салуды) ЭҮШ арқылы ЭҮӨШ-тің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЖО) қызмет берушінің өңдеуі үшін жолдау;
9) 6-үдеріс – электрондық құжатты ЭҮӨШ АЖО-да тіркеу;
10) 3-шарт – қызмет берушінің Стандартта көрсетілген алушының қоса берілген құжаттарының электрондық мемлекеттік қызметті көрсету негіздемелеріне сәйкес келуін тексеруі (өңдеу);
11) 7-үдеріс - алушының құжаттарында бар бұзушылықтарға байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8–үдеріс – алушының ЭҮӨШ АЖО-мен қалыптастырылған электрондық мемлекеттік қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алуы. Электрондық құжат қызмет беруші қызметкерінің ЭЦҚ қолдана отырып қалыптастырылады.
7. Қызмет беруші арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі қадамдық іс-қимылдар мен шешімдер (функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы) Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген:
1) 1-үдеріс – қызмет беруші қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін ЭҮӨШ АЖО-да ЖСН мен парольді енгізуі (авторизациялау үрдісі);
2) 2-үдеріс – қызмет беруші қызметкерінің Регламентте көрсетiлген электрондық мемлекеттік қызметтi таңдауы, электрондық мемлекеттік қызметтi көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және қызмет беруші қызметкерінің алушының деректерін енгізуі;
3) 3-үдеріс – ЭҮШ арқылы "Жеке тұлға" мемлекеттік дерекқорына (бұдан әрі - ЖТ МДҚ) алушы деректері туралы сұрау салуды жіберу;
4) 1-шарт – ЖТ МДҚ-да алушының деректерінің бар болуын тексеру;
5) 4-үдеріс - ЖТ МДҚ-да алушының деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру;
6) 5-үдеріс - қызмет беруші қызметкерінің сұрау салу нысанын құжаттардың қағаз нысанда болуы туралы белгі қою бөлігінде толтыруы және алушы ұсынған құжаттарды сканерлеу, оларды сұрау салу нысанына бекіту және электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуге жіберілген электрондық құжаттың толтырылған сұрау салу нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ арқылы куәландыру;
7) 6-үдеріс– электрондық құжатты ЭҮӨШ АЖО-да тіркеу;
8) 2-шарт – қызмет берушінің Стандартта көрсетілген алушының қоса берілген құжаттарының электрондық мемлекеттік қызметті көрсету негіздемелеріне сәйкес келуін тексеруі (өңдеу);
9) 7-үдеріс - алушының құжаттарында бар бұзушылықтарға байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
10) 8–үдеріс – алушының ЭҮӨШ АЖО-мен қалыптастырылған электрондық мемлекеттік қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алуы. Электрондық құжат қызмет беруші қызметкерінің ЭЦҚ қолдана отырып қалыптастырылады.
8. Қызмет берушінің Орталық арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі қадамдық іс-қимылдары мен шешімдері (функционалдық өзара іс-қимылдың № 3 диаграммасы) Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген:
1) 1-үдеріс – Орталық операторының электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін ХҚКӨ АЖ АЖО-ға логин мен парольді енгізуі (авторизациялау үдерісі);
2) 2-үдеріс – Орталық операторының Регламентте көрсетiлген электрондық мемлекеттік қызметтi таңдауы, электрондық мемлекеттік қызметтi көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығару және Орталық операторының алушы деректерін, сондай-ақ алушы өкілінің деректерін сенімхат бойынша енгізуі (нотариаттық куәландырылған сенімхат болғанда, басқа куәландырылған сенімхат болғанда – сенімхат деректері толтырылмайды);
3) 3-үдеріс - ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ-ға - алушы деректері туралы, сондай-ақ БНАЖ-ға алушы өкілі сенімхатының деректері туралы сұрау салуды жіберу;
4) 1-шарт - ЖТ МДҚ-да - электрондық мемлекеттік қызметті алушы деректерінің, БНАЖ-да сенімхат деректерінің бар болуын тексеру;
5) 4- үдеріс - ЖТ МДҚ-да - алушы деректерінің, БНАЖ-да сенімхат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру;
6) 5-үдеріс - Орталық операторының сұрау салу нысанын құжаттардың қағаз нысанда болуы туралы белгі қою бөлігінде толтыруы және алушы ұсынған құжаттарды сканерлеу, оларды сұрау салу нысанына бекіту және электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған толтырылған сұрау салу нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ арқылы куәландыру;
7) 6-үдеріс – Орталық операторының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (алушының сұрау салуын) ЭҮШ арқылы ЭҮӨШ АЖО-ға жолдау;
8) 7-үдеріс – электрондық құжатты ЭҮӨШ АЖО-да тіркеу;
9) 2-шарт – қызмет берушінің Стандартта көрсетілген алушының қоса берілген құжаттарының электрондық мемлекеттік қызметті көрсету негіздемелеріне сәйкес келуін тексеруі (өңдеу);
10) 8-үдеріс - алушының құжаттарында бар бұзушылықтарға байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
11) 9-үдеріс – алушының Орталық операторы арқылы ЭҮӨШ АЖО-мен қалыптастырылған электрондық мемлекеттік қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алуы.
9. Электрондық мемлекеттік қызметке сұрау салуды және жауапты толтырудың экрандық нысандары "электрондық үкіметтің: www.egov.kz" веб-порталында, сонымен қатар қызмет берушіде немесе Орталықта келтірілген.
10. Алушының электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша сұрау салуының орындалу мәртебесін тексеру тәсілі: "электрондық үкімет" порталының "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде, сондай-ақ қызмет берушіге немесе Орталыққа өтініш жасағанда.
11. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қажетті ақпаратты және кеңесті ЭҮП-тің саll –орталығының (1414) телефоны бойынша алуға болады.
2. Электрондық мемлекеттiк қызметті көрсету
үдерiсiндегi өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
12. Электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiне қатысатын АЖ және құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрі - ҚФБ):
ЭҮП
ЭҮШ АЖО;
ЖТ МДҚ;
БНАЖ;
ХҚКО АЖ АЖО
Қызмет беруші;
Орталық.
13. Әрбір іс-қимылдың орындалу мерзімін көрсете отырып, іс–қимылдардың (рәсімдердің, функциялардың, операциялардың) дәйектілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
14. Іс-қимылдардың қисынды дәйектілігінің арасындағы (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде) өзара байланысты олардың сипаттамаларына сәйкес көрсететін диаграммалар Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
15. Регламенттің 3, 4 қосымшаларында хабарлама нысандарын қоса алғанда, электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi ұсынылуы тиiс нысандар, бланкiлердiң үлгiлерi (шығыс құжаты) көрсетілген.
16. Алушыларға электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерi Регламенттiң 5-қосымшасына сәйкес сапа мен қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенеді;
17. Алушыларға электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiне қойылатын талаптар:
1) құпиялылық (ақпаратты рұқсатсыз алудан қорғау);
2) тұтастық (ақпаратты рұқсатсыз өзгертуден қорғау);
3) қолжетімділік (ақпаратты және ресурстарды рұқсатсыз ұстап қалудан қорғау).
18. Электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң техникалық шарттары:
1) Интернетке шығу;
2) электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін тұлғада ЖСН болуы;
3) ЭҮП-пен авторизациялау;
4) пайдаланушыда ЭЦҚ болуы.
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйге немесе жеке тұрғын
үй қорынан жергілікті атқарушы
орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж
азаматтарды есепке қою және олардың
кезегі" электрондық мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша
1- кесте. Әрбір іс-қимылдың орындалу
мерзімін көрсее отырып, іс-қимылдардың
(рәсімдердің, функциялардың, операциялардың)
дәйектілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы
1.1-кесте. ЭҮП арқылы АЖ және ҚФБ іс-қимылдарының сипаттамасы
1 |
Іс-қимыл- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
2 |
ҚФБ, АЖ |
ЭҮП |
ЭҮП |
ЭҮП |
ЭҮП |
ЭҮП |
ЭҮӨШ |
ЭҮӨШ |
ЭҮӨШ АЖО |
3 |
Іс-қимыл- |
Алушы |
Алушының |
Алушы |
ЭЦҚ |
Алушы- |
Элек- |
Алушы- |
Алушының |
4 |
Аяқтау |
Сұрау |
Сұрау |
Сұрау |
Сұрау |
Сұрау |
Өті- |
Дәлел- |
Шығыс |
5 |
Орындау |
30 сек |
30 сек |
1,5 мин |
1,5 мин |
30 сек |
1,5 |
30 |
30 күн- |
6 |
Келесі |
2– |
– |
4- |
- |
- |
7- |
- |
- |
1.2 кесте. Қызмет беруші арқылы АЖ және ҚФБ
іс-қимылдарының сипаттамасы
1 |
Іс-қимылдың |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
2 |
ҚФБ, АЖ |
Қызмет |
Қызмет |
Қызмет |
ЖТ МДҚ |
Қызмет |
ЭҮӨШ АЖО |
ЭҮӨШ АЖО |
ЭҮӨШ |
3 |
Іс-қимылдың |
ЭҮӨШ |
Қызмет |
ЖТ |
ЖТ |
Сканер- |
Элект- |
Алушының |
Алу- |
4 |
Аяқтау |
Өтініш- |
Сұрау |
Сұрау |
Дәлел- |
Сұрау |
Өтінішке |
Дәлелді |
Элек- |
5 |
Орындау |
10–15 |
10 сек |
1,5 мин |
10-15 |
10-15 |
1,5 |
30 сек- |
30 |
6 |
Келесі |
- |
– |
4-бұзу- |
- |
6 |
7-бұзу- |
- |
- |
1.3- кесте. Орталық арқылы АЖ мен ҚФБ іс-қимылдарының сипаттамасы
1 |
Іс-қи- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
2 |
ҚФБ, |
ХҚКО |
Орта- |
Орта- |
ЖТ МДҚ |
Орта- |
Орта- |
ЭҮӨШ |
ЭҮӨШ |
ЭҮӨШ |
3 |
Іс-қи- |
Орта- |
Элект- |
ЖТ |
Алушы- |
Сұрау |
ЭЦҚ- |
Элект- |
Алушы- |
Алушы- |
4 |
Аяқтау |
Өті- |
Сұрау |
Сұрау |
Дәлел- |
Сұрау |
Сұрау |
Өті- |
Дәлел- |
Элект- |
5 |
Орын- |
30 сек |
30 сек |
1,5 |
1,5 |
30 сек |
1 |
1,5 |
30 |
30 |
6 |
Келесі |
2 |
3 |
4- |
- |
- |
- |
8 |
- |
- |
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйге немесе жеке тұрғын
үй қорынан жергілікті атқарушы
орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж
азаматтарды есепке қою және олардың
кезегі" электрондық мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша
Іс-қимылдардың қисынды дәйектілігінің
арасындағы (электрондық мемлекеттік қызметті
көрсету үдерісіндегі) өзара байланысты олардың
сипаттамаларына сәйкес көрсететін
диаграммалар
1-сурет. ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызметті
көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы
2-сурет. Қызмет көрсетуші арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы
3-сурет. Орталық арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы
Кесте. Шартты белгілер
Бастапқы хабарлама |
|
Аяқтаушы хабарлама |
|
Аралық хабарлама |
|
Қарапайым аяқтаушы оқиға |
|
Қате |
|
Оқиғалар-таймерлер |
|
Ақпараттық жүйе |
|
Үдеріс |
|
Шарт |
|
Хабарламалар ағыны |
|
Басқару ағыны |
|
Соңғы алушыға берілетін электрондық құжат |
Ескерту:
Диаграмманың үлгiлiк ресiмделуi бизнес үдерiстердi модельдеу үшiн пайдаланылатын BPMN 1.2 графикалық нотациясында келтiрiлген. BPMN-де модельдеу графикалық элементтердiң аз саны бар диаграммалар арқылы жүзеге асырылады. Бұл алушыларға үдерiстiң қисынын жылдам түсiнуге көмектеседi. Элементтердiң төрт негiзгi санаттарын атап көрсетуге болады:
1) басқару ағынының объектiлерi: оқиғалар, іс-қимылдар және қисынды операторлар;
2) бiрiктiрушi объектiлер: басқару ағыны, хабарламалар ағыны және қауымдастықтар;
3) рөлдер: пулалар және жолдар;
4) артефакттар: деректер, топтар және мәтiндiк аннотациялар.
Осы төрт санаттың элементтерi бизнес үдерiстердiң диаграммаларын құруға мүмкiндiк бередi. Модельдің айқындылығын арттыру үшiн ерекшелік "Ескертулер" деген бөлiмде келтiрiлуi тиiс басқару ағыны объектiлерiнiң және артефакттардың жаңа түрлерiн құруға рұқсат бередi.
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйге немесе жеке тұрғын
үй қорынан жергілікті атқарушы
орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж
азаматтарды есепке қою және олардың
кезегі" электрондық мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
3-қосымша
Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуді алуға
арналған өтініштің экрандық нысаны
________________ қаласы /ауданы
тұрғын үй басқармасының /тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі/ бастығы
__________________________
тегі, аты-жөні
__________________________
мекенжайы бойынша тұратын
азамат(ша)дан __________
_________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Өтініш
Сізден мемлекеттік тұрғын үй қорынан/ жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден тұрғын үйді беру үшін мені есепке қоюыңызды сұраймын.
Қосымша: ________________
_________________________
(күні, қолы)
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйге немесе жеке тұрғын
үй қорынан жергілікті атқарушы
орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж
азаматтарды есепке қою және олардың
кезегі" электрондық мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
4-қосымша
Электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуге
берілетін оң жауаптың шығыс нысаны
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйге немесе жеке тұрғын
үй қорынан жергілікті атқарушы
орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж
азаматтарды есепке қою және олардың
кезегі" электрондық мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
5-қосымша
Электрондық мемлекеттік қызметтің
"сапа" және "қолжетімділік" көрсеткіштерін
анықтауға арналған сауалнаманың нысаны:
__________________________________________________
(қызмет көрсету атауы)
1. Сізді электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісі мен нәтижесінің сапасы қанағаттандырды ма?
1) қанағаттандырған жоқ;
2) ішінара қанағаттандырды;
3) қанағаттандырды.
2. Сізді электрондық мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпарат сапасы қанағаттандырды ма?
1) қанағаттандырған жоқ;
2) ішінара қанағаттандырды;
3) қанағаттандырды.