Әкімдіктің 2010 жылғы 26 қарашадағы № 2395 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы № 175 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 23 ақпанда № 9-1-181 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 335 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 18.02.2016 № 335 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Жұмыс іздеуде қиындық көретін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 21-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 26 қарашадағы № 2395 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-1-158 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 11 қаңтардағы "Костанай" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Қаланың ұйымдарында, мекемелерінде және кәсіпорындарында, олардың меншік нысандарына қарамастан, жұмыс орындарына:
      1) жұмыс орындардың жалпы санының бес пайызы мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін;
      2) жұмыс орындардың жалпы санының бір пайызы мөлшерінде интернаттық ұйымдардың бітіруші кәмелетке толмағандар үшін квота белгіленсін.".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.К. Жұрқабаевқа жүктелсін.
      Әкім Ж. Нұрғалиев

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қостанай қаласы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____________ В. Рубинский

О внесении изменения в постановление акимата от 26 ноября 2010 года № 2395 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций"

Постановление акимата города Костаная Костанайской области от 26 января 2012 года № 175. Зарегистрировано Управлением юстиции города Костаная Костанайской области 23 февраля 2012 года № 9-1-181. Утратило силу постановлением акимата города Костаная Костанайской области от 18 февраля 2016 года № 335

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Костаная Костанайской области от 18.02.2016 № 335 (вводится в действие со дня подписания).
      В целях социальной защиты лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций, испытывающих затруднения в поиске работы, в соответствии со статьей 21 Трудового Кодекса Республики Казахстан, статьей 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат города Костаная ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций" от 26 ноября 2010 года № 2395 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9-1-158, опубликовано 11 января 2011 года в газете "Костанай") следующее изменение:
      пункт 1 изложить в новой редакции:
      "1. Установить квоты рабочих мест в организациях, учреждениях и предприятиях города, независимо от их формы собственности:
      1) для лиц, освобожденных из мест лишения свободы, в размере пяти процентов от общей численности рабочих мест;
      2) для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в размере одного процента от общей численности рабочих мест.".
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Костаная Журкабаева М.К.
      Аким города Костаная Ж. Нургалиев

      СОГЛАСОВАНО:
      Начальник государственного учреждения
      "Отдел занятости и социальных
      программ акимата города Костаная"
      _________________ В. Рубинский