Жұмыс іздеуде қиындық көретін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 21-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 26 қарашадағы № 2395 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-1-158 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 11 қаңтардағы "Костанай" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қаланың ұйымдарында, мекемелерінде және кәсіпорындарында, олардың меншік нысандарына қарамастан, жұмыс орындарына:
1) жұмыс орындардың жалпы санының бес пайызы мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін;
2) жұмыс орындардың жалпы санының бір пайызы мөлшерінде интернаттық ұйымдардың бітіруші кәмелетке толмағандар үшін квота белгіленсін.".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.К. Жұрқабаевқа жүктелсін.
Әкім | Ж. Нұрғалиев |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________ В. Рубинский