Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қарашадағы № 2395 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 30 желтоқсанда № 9-1-158 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 335 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 18.02.2016 № 335 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырыптама жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2012.06.04 № 1206 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 21-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қаланың ұйымдарында, мекемелерінде және кәсіпорындарында, олардың меншік нысандарына қарамастан, жұмыс орындарына:
      1) жұмыс орындардың жалпы санының бес пайызы мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін;
      2) жұмыс орындардың жалпы санының бір пайызы мөлшерінде интернаттық ұйымдардың бітіруші кәмелетке толмағандар үшін квота белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2012.01.26 № 175 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерту енгізілді - 2012.06.04 № 1206 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өтініш жасаған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмысқа жібергенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М. Жұрқабаевқа жүктелсін.
      Әкім Ж. Нұрғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады