"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің "Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың 2012 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы" 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 76 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-1-179 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 21 ақпанда "Костанай" газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
1-тармақ келесі мазмұндағы 6)-тармақшамен толықтырылсын:
"6) "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінде лайықты жұмысы жоқ жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар.".
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімі аппаратының басшысы Р.Х. Каркеновқа жүктелсін.
Әкім Ғ. Нұрмұхамбетов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ В. Константинов