Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың 2012 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 76 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 13 ақпанда № 9-1-179 тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 57-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың 2012 жылға арналған келесі қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (бір жыл және одан көп);
      3) елу жастан асқан адамдар;
      4) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органының жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар;
      5) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдардан алған мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі мен өтілі жоқ бітірушілер;
      6) "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінде лайықты жұмысы жоқ жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2012.11.14 № 2434 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.К. Жұрқабаевқа жүктелсін.

      Әкім                                       Ж. Нұрғалиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай
      қаласы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалары
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ____________ В. Рубинский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады