Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 20.03.2015 № 236 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес, Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" 2010 жылғы 22 қазандағы № 291 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-3-134 тіркелген, 2010 жылғы 3 желтоқсанда "Торғай" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
1-тармағының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға;".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Арқалық қалалық мәслихатының
кезектен тыс сессиясының төрағасы А. Мұқанов
Арқалық қалалық
мәслихатының хатшысы Н. Шалдыбаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________ К. Омарова
"Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________ А. Мұхамбетжанова
"Арқалық қаласы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________ Н. Гайдаренко