Мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы № 291 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2012 жылғы 10 ақпандағы № 14 шешімі. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 21 ақпанда № 9-3-163 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 20.03.2015 № 236 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес, Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" 2010 жылғы 22 қазандағы № 291 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-3-134 тіркелген, 2010 жылғы 3 желтоқсанда "Торғай" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасында:
      1-тармағының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
      "жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға;".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Арқалық қалалық мәслихатының
      кезектен тыс сессиясының төрағасы          А. Мұқанов

      Арқалық қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Н. Шалдыбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _________________ К. Омарова

      "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _________________ А. Мұхамбетжанова

      "Арқалық қаласы әкімдігінің экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      __________________ Н. Гайдаренко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады