Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 171 қаулысы. Қостанай облысы Лисаков қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 4 мамырда № 9-4-207 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 43 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 26.01.2016 № 43 қаулысымен (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
      1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде;
      2) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде.
      2. "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өтініш жасаған қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмысқа жібергенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
      3. Әкімдіктің "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2011 жылғы 3 мамырдағы № 213 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-185 болып тіркелген, 2011 жылғы 2 маусымда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған).
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Ә.С. Сапароваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лисаков
      қаласының әкімі                            В. Радченко

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" ММ бастығының орынбасары
      __________________ Л. Бочаренко

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций

Постановление акимата города Лисаковска Костанайской области от 9 апреля 2012 года № 171. Зарегистрировано Управлением юстиции города Лисаковска Костанайской области 4 мая 2012 года № 9-4-207. Утратило силу постановлением акимата города Лисаковска Костанайской области от 26 января 2016 года № 43

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Лисаковска Костанайской области от 26.01.2016 № 43 (вводится в действие со дня принятия).

      В соответствии со статьей 21 Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года, статьей 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения" акимат города Лисаковска ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для:
      1) лиц состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы в размере одного процента от общей численности рабочих мест;
      2) несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в размере одного процента от общей численности рабочих мест.
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ акимата города Лисаковска" руководствоваться данным постановлением при направлении на работу обратившихся лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций.
      3. Признать утратившим силу постановление акимата "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций" от 3 мая 2011 года № 213 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9-4-185 опубликовано 2 июня 2011 года в газете "Лисаковская новь").
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Лисаковска Сапарову А.С.
      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким
      города Лисаковска                          В. Радченко

      СОГЛАСОВАНО:

      Исполняющий обязанности начальника
      ГУ "Отдел занятости и социальных
      программ акимата города Лисаковска"
      ________________ Л.Бочаренко