Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 2012.09.24 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері 2012 жылдың 5 сәуірінен бастап 31 мамырына дейін деп айқындалсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Қ. Таукеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 5 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі С. Ахметов
КЕЛІСІЛДІ:
"Аманкелді ауданының
кәсіпкерлік және
ауыл шаруашылығы
бөлімі" коммуналдық
мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________ Е. Ещанов
Әкімдіктің
2012 жылғы "11" мамырдағы
№ 99 қаулысына
қосымша
2012 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№ |
Басым ауыл шаруашылығы |
Себу мерзімдері |
1 |
Жаздық бидай |
15 мамырдан 5 маусым |
2 |
Арпа |
15 мамырдан 5 маусым |
3 |
Бұршақтұқымдастар |
15 мамырдан 5 маусым |
4 |
Майлы дақылдар |
18 мамырдан 30 мамыр |
5 |
Картоп |
10 мамырдан 31 мамыр |
6 |
Көкөніс және бақша |
25 сәуірден 10 маусым |