2012 жылға ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін және субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 99 қаулысы. Қостанай облысы Амангелді ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 25 мамырда № 9-6-151 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 230 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 2012.09.24 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері 2012 жылдың 5 сәуірінен бастап 31 мамырына дейін деп айқындалсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Қ. Таукеновке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 5 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                                С. Ахметов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Аманкелді ауданының
      кәсіпкерлік және
      ауыл шаруашылығы
      бөлімі" коммуналдық
      мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________ Е. Ещанов

Әкімдіктің        
2012 жылғы "11" мамырдағы 
№ 99 қаулысына      
қосымша         

2012 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері

Басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының атауы

Себу мерзімдері

1

Жаздық бидай

15 мамырдан 5 маусым
аралығы

2

Арпа

15 мамырдан 5 маусым
аралығы

3

Бұршақтұқымдастар

15 мамырдан 5 маусым
аралығы

4

Майлы дақылдар

18 мамырдан 30 мамыр
аралығы

5

Картоп

10 мамырдан 31 мамыр
аралығы

6

Көкөніс және бақша
дақылдары

25 сәуірден 10 маусым
аралығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады