"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7–баптарына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің "Әулиекөл ауданында 2012 жылға арналған тұрғындардың нысаналы топтарын белгілеу туралы" қаулысына 2011 жылғы 25 қарашадағы № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-7-148 нөмірімен тіркелген, 2012 жылдың 4 қаңтарында "Әулиекөл" газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасы келесі мазмұндағы 16 – тармағымен толықтырылсын:
"16. Қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Ж. Қалиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауданың әкімі Ж. Нургалиев
КЕЛІСІЛДІ:
"Әулиекөл ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" ММ бастығы
____________________ Р. Нұғманова