"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес, Әулиекөл ауданында 2012 жылға арналған жұмыспен қамтуға ықпал жасау үшін тұрғындардың нысаналы топтары белгіленсін.
2. "Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғындардың нысаналы топтарына кіретін тұлғалардың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау бойынша шараларды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р. Нұғмановаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ғ. Нұрмұхамбетов
КЕЛІСІЛДІ:
"Әулиекөл ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" ММ бастығы
____________________ Оспанов С.Ә.
Әкімдіктің
2011 жылғы 25 қарашадағы
№ 403 қаулысына қосымша
Әулиекөл ауданында 2012 жылға арналған жұмыспен қамтуға
ықпал жасау үшін тұрғындардың нысаналы топтары
Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2012.05.11 № 141 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Табысы аз адамдар.
2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты, көпбалалы ата-аналар.
5. Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар.
6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуына екі жыл қалған).
7. Мүгедектер.
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарынан босаған адамдар.
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
10. Оралмандар.
11. Жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
12. Жұмыс берушінің - заңды тұлғаның таралуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады.
13. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
14. Ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген азаматтар (бір жылдан артық).
15. Бұрындары жұмыс істемеген жұмыссыздар (жұмыс өтілі жоқ).
16. Қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.