Әкімдіктің 2011 жылғы 25 қарашадағы № 403 "Әулиекөл ауданында 2012 жылға арналған тұрғындардың нысаналы топтарын белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 141 қаулысы. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Әділет басқармасында 2012 жылғы 5 маусымда № 9-7-162 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5,  7–баптарына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің "Әулиекөл ауданында 2012 жылға арналған тұрғындардың нысаналы топтарын белгілеу туралы" қаулысына 2011 жылғы 25 қарашадағы № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-7-148 нөмірімен тіркелген, 2012 жылдың 4 қаңтарында "Әулиекөл" газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасы келесі мазмұндағы  16 – тармағымен толықтырылсын:
      "16. Қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Ж. Қалиевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауданың әкімі                              Ж. Нургалиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Әулиекөл ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" ММ бастығы
      ____________________ Р. Нұғманова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады