2012 жылы егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін және субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдерін белгілеу туралы

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 117 қаулысы. Қостанай облысы Қарасу ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 14 мамырда № 9-13-150 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 қарашадағы № 345 қаулысымен

      РҚАО ескертпесі:
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2012.11.02 № 345 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес, ғылыми ұйымның қорытындысы негiзiнде жылдың қалыптасқан ауа райы-климаттық жағдайын ескере отырып Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша 2012 жылы Қарасу ауданының аумағында егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының мынадай оңтайлы мерзiмдерi белгiленсін:
      1) дәнді дақылдар 15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін;
      2) майлы дақылдар 18 мамырдан бастап 30 мамырға дейін;
      3) жемшөптік дақылдар (өткен жылдардағы көпжылдық шөптерден басқа) 30 сәуірден бастап 15 шілдеге дейін;
      4) сүрлемдік жүгері 15 мамырдан бастап 31 мамырға дейін;
      5) картоп 10 мамырдан бастап 31 мамырға дейін;
      6) көкөніс дақылдар 25 сәуірден бастап 10 маусымға дейін.
      2. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдері 2012 жылғы 20 мамырдан бастап 5 маусымға дейін деп белгіленсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Сейфуллин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік
      және ауыл шаруашылығы бөлімі"
      коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _______________ Е. Балжақаев

Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ и сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий в 2012 году

Постановление акимата Карасуского района Костанайской области от 24 апреля 2012 года № 117. Зарегистрировано Управлением юстиции Карасуского района Костанайской области 14 мая 2012 года № 9-13-150. Утратило силу - постановлением акимата Карасуского района Костанайской области от 2 ноября 2012 года № 345

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Карасуского района Костанайской области от 02.11.2012 № 345.

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 10 Правил субсидирования из местных бюджетов на повышение урожайности и качества продукции растениеводства, утвержденных Постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2011 года № 221, на основании заключения научной организации с учетом сложившихся погодно-климатических условий года акимат Карасуского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить следующие оптимальные сроки начала и завершения посевных работ на территории Карасуского района в 2012 году по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур:
      1) зерновые культуры с 15 мая по 5 июня;
      2) масличные культуры с 18 мая по 30 мая;
      3) кормовые культуры (за исключением многолетних трав посева прошлых лет) с 30 апреля по 15 июля;
      4) кукуруза на силос с 15 мая по 31 мая;
      5) картофель с 10 мая по 31 мая;
      6) овощные культуры с 25 апреля по 10 июня.
      2. Определить сроки предоставления заявки на включение в список получателей субсидий с 20 мая по 5 июня 2012 года.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                А. Сейфуллин

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник коммунального
      государственного учреждения
      "Отдел предпринимательства
      и сельского хозяйства акимата
      Карасуского района"
      ______________ Е. Балжакаев