РҚАО ескертпесі:
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2012.11.02 № 345 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес, ғылыми ұйымның қорытындысы негiзiнде жылдың қалыптасқан ауа райы-климаттық жағдайын ескере отырып Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша 2012 жылы Қарасу ауданының аумағында егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының мынадай оңтайлы мерзiмдерi белгiленсін:
1) дәнді дақылдар 15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін;
2) майлы дақылдар 18 мамырдан бастап 30 мамырға дейін;
3) жемшөптік дақылдар (өткен жылдардағы көпжылдық шөптерден басқа) 30 сәуірден бастап 15 шілдеге дейін;
4) сүрлемдік жүгері 15 мамырдан бастап 31 мамырға дейін;
5) картоп 10 мамырдан бастап 31 мамырға дейін;
6) көкөніс дақылдар 25 сәуірден бастап 10 маусымға дейін.
2. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдері 2012 жылғы 20 мамырдан бастап 5 маусымға дейін деп белгіленсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Сейфуллин
КЕЛІСІЛДІ:
"Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылығы бөлімі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_______________ Е. Балжақаев