Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2012.19.12 № 112 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" мәслихаттың 2011 жылғы 28 қазандағы № 497 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9-15-160 болып тіркелді, 2011 жылғы 1 желтоқсанда "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы шешімнің 1-тармағының 8)-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"8). Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын, 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы О. Нұрабаев
Аудандық мәслихаттың
хатшысы В. Леонов
КЕЛІСІЛДІ:
"Меңдіқара ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________ В. Гребенюк
"Меңдіқара ауданының
экономика және
бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________ Г. Айсенова