Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 112 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 10 қаңтарда № 3980 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Мендіқара ауданы мәслихатының 2013 жылғы 25 қазандағы № 182 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Мендіқара ауданы мәслихатының 25.10.2013 № 182 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күні "Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелген болса, сондай-ақ табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, бір жолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, Ұлы Отан соғысы жылдары тылда 6 және одан да көп ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) тұлғаларға, бір жолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға, бір жолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастары үшін, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын жастар үшін, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын, 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      8) барлық топтағы мүгедектерге, табысын есепке алмай, нақты шығындар бойынша шұғыл емдеуге, бір жолғы, 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;
      9) өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына тұрмыстық қажеттіліктерге, бір жолғы, 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      10) барлық топтағы мүгедектерге, табысын есепке алмай, нақты шығындар бойынша емделу орнына баруына және қайта оралуына, біржолғы.
      2. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.
      3. Күші жойылды деп танылсын:
      1) 2011 жылғы 28 қазандағы № 497 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-15-160 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 1 желтоқсанда № 48 "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған);
      2) 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 36 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-15-173 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 1 желтоқсанда № 17 "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған);
      3) 2012 жылғы 24 шілдедегі № 71 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-15-179 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 1 желтоқсанда № 34 "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған).
      4.Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Н. Өтеулина

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        В. Леонов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Меңдіқара ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _________ В. Гребенюк

      "Меңдіқара ауданының
      экономика және
      бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _________ Г. Айсенова

Мәслихаттың      
2012 жылғы 19 желтоқсандағы  
№ 112 шешіміне    
қосымша        

"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік
көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті
алу үшін қажетті құжаттар
ТІЗБЕСІ

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Мендіқара ауданы мәслихатының 19.02.2013 № 120 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Міндетті құжаттар:
      1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған алушының өтініші;
      2) алушының жеке басын куәландыратын құжат, кәмелетке толмаған алушылар үшін – туу туралы куәлік;
      3) алынып тасталды - Қостанай облысы Мендіқара ауданы мәслихатының 19.02.2013 № 120 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.;
      4) алушының тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;
      5) алушының банктік шоты бар болуын растайтын құжат;
      6) алушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде, оның жеке басын куәландыратын құжат және заңды өкілдің өкілеттігін растайтын құжат қоса беріледі.
      2. Қосымша құжаттар:
      1) өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күні "Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - жұмыспен қамту мәселелер жөніндегі уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелген болса, сондай-ақ табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, алушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      қайтыс болуы туралы куәлік;
      туыстық қатынастарды растайтын құжат;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, Ұлы Отан соғысы жылдары тылда 6 және одан да көп ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) тұлғаларға:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      4) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табысын есепке алмай, қосымша тамақтануға:
      емделуде болғанын растайтын тиісті медициналық ұйымнан анықтама;
      5) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастары үшін, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын жастар үшін, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге:
      жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастары үшін, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға алушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын жастар үшін алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      тиісті оқу орнымен берілген, оқу жылына оқу төлемінің мөлшерін және оқу орнын растайтын құжат;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына тұрмыстық қажеттіліктерге:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      8) барлық топтағы мүгедектерге, табысын есепке алмай, нақты шығындар бойынша шұғыл емдеуге:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      шұғыл емделуге мүгедек алған нақты шығындарды растайтын құжат;
      9) өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына тұрмыстық қажеттіліктерге:
      отбасының (азаматтың) табысын растайтын құжат;
      10) барлық топтағы мүгедектерге, табысын есепке алмай, нақты шығындар бойынша емделу орнына баруына және қайта оралуына:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      емделуде болғанын растайтын тиісті медициналық ұйымнан анықтама;
      емделу орнына баруға және қайта оралуына мүгедектің нақты шығындарын растайтын құжат.
      3. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқа мен көшірмелерде ұсынылады, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге өтініш берген күні қайтарылады.
      4. Осы шешімнің 1) тармағының 1) тармақшасымен көзделген жағдайда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыз ретінде тіркелгендігін тексереді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады