2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 69 қаулысы. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 3 сәуірде № 9-17-136 тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына7-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін 2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      алған мамандығы бойынша еңбек өтілі мен тәжірбиесі жоқ техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі ұйымдардың бітірушілері;
      ұзаққа созылған (он екі және одан көп айлар) жұмыссыздықты бастан кешірген адамдар;
      елу жастан асқан адамдар;
      жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С.М. Дүтпаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкiмi                                А. Тұрсынов

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения, на 2012 год

Постановление акимата Сарыкольского района Костанайской области от 1 марта 2012 года № 69. Зарегистрировано Управлением юстиции Сарыкольского района Костанайской области 3 апреля 2012 года № 9-17-136

      В соответствии со статьей 5статьей 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат Сарыкольского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить дополнительный перечень лиц, относящихся к целевым группам населения на 2012 год для содействия занятости:
      молодежь в возрасте от двадцати одного до двадцати девяти лет;
      выпускники организаций технического и профессионального образования, послесреднего образования, не имеющие опыта и стажа работы по полученной специальности;
      лица, испытывающие длительную (двенадцать и более месяцев) безработицу;
      лица старше пятидесяти лет;
      безработные, завершившие профессиональное обучение по направлению уполномоченного органа по вопросам занятости.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Дутпаева С.М.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                А. Турсунов

      СОГЛАСОВАНО:

      Исполняющий обязанности начальника
      ГУ "Отдел занятости и социальных
      программ акимата Сарыкольского района"
      _________________ А. Апареев