"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына, 7-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін 2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
алған мамандығы бойынша еңбек өтілі мен тәжірбиесі жоқ техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі ұйымдардың бітірушілері;
ұзаққа созылған (он екі және одан көп айлар) жұмыссыздықты бастан кешірген адамдар;
елу жастан асқан адамдар;
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С.М. Дүтпаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкiмi А. Тұрсынов