Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 54 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 қаңтарда № 3985 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 126 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 06.12.2013 № 126 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, біржолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Әлеуметтік көмек өтініш берушіге, егер ата–ананың біреуі немесе басқа заңды өкілі бала қайтыс болған күні "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелген болса тағайындалады және төленеді;
      2) өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табысы бар отбасылардың жастарына, техникалық, кәсіби, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiмдi алуға байланысты шығындарды өтеу үшін, мемлекеттiк бiлiм беру гранттарының иелерi болып табылатын тұлғаларды, мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен өзге төлемдер алушыларды есептемегенде, бiлiм беру ұйымына нақты шығындар бойынша оқуға төлеуге. Жылына бір рет, тұтынушының өтініш жасаған фактісі бойынша көрсетіледі;
      3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратындарға, қосымша тамақтануға, табыстарын есепке алмай, біржолғы, 15 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      4) өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табыстары, отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күнi жұмыспен қамту мәселелері жөнiндегi уәкiлеттi органда жұмыссыз ретiнде тiркелген болса, біржолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) барлық санаттағы мүгедектерге, нақты шығындар бойынша жедел емделуге, табыстарын есепке алмай, біржолғы, бірақ 50 айлық есептік көрсеткіштен көп емес;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне орай, біржолғы, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, біржолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      8) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктерге, біржолғы, 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тұрмыстық қажеттіліктерге, табыстарын есепке алмай, ай сайын, 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, тұрмыстық қажеттіліктерге, табыстарын есепке алмай, біржолғы, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      11) барлық санаттағы мүгедектерге, шипажай немесе оңалту орталықтарына жол жүруге байланысты шығындарды өтеу үшін, нақты шығындар бойынша, табыстарын есепке алмай, біржолғы;
      12) 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне орай, бір жолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 10.04.2013 № 78 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.
      3. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 1 ақпандағы № 12 "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-17-133 тіркелген, 2012 жылғы 1 наурыздағы № 10 "Сарыкөл" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті сессияның төрайымы                 Б. Шоқаева

      Аудандық мәслихатының хатшысы              А. Қарашолақов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Сарыкөл ауданы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________ С. Молдабеков

Мәслихаттың         
2012 жылғы 21 желтоқсандағы 
№ 54 шешіміне қосымша    

"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау
және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін
қажетті құжаттар тізбесі

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 10.04.2013 № 78 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Міндетті құжаттар:
      1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;
      2) алушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған алушылар үшін – туу туралы куәлік;
      3) алушының тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;
      4) алынып тасталды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 01.04.2013 № 71 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).;
      5) алушының банктік шоты болуын растайтын құжат;
      6) алушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде, жеке басын куәландыратын құжат, және заңды өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат қоса беріледі.
      2. Қосымша құжаттар:
      1) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге:
      өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәлiметтер;
      қайтыс болуы туралы куәлiк;
      2) өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табысы бар отбасылардың жастарына, техникалық, кәсіби, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiмдi алуға байланысты шығындарды өтеу үшін:
      өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға алушының (отбасының) табыстары туралы мәлiметтер;
      тиiстi оқу орнымен берiлген, оқу жылына оқу төлемiнiң мөлшерi мен оқу орнын растайтын құжат;
      оқу төлемiн растайтын құжат;
      3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға:
      емделуде болғанын растайтын, тиiстi медициналық ұйымнан анықтама;
      4) өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күнi жұмыспен қамту мәселелері жөнiндегi уәкiлеттi органда жұмыссыз ретiнде тiркелген болса:
      өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәлiметтер;
      қайтыс болуы туралы куәлiк;
      туыстық қатынастарды растайтын құжат;
      5) барлық санаттағы мүгедектерге, нақты шығындар бойынша жедел емделуге, табыстарын есепке алмай:
      алушының әлеуметтiк мәртебесiн растайтын құжат;
      жедел емделудің нақты шығындарын растайтын құжат;
      медициналық мекемеде жедел емделуден өткенді растайтын құжат;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне орай:
      егер аталған азамат уәкiлеттi органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтiк мәртебесiн растайтын құжат;
      7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай:
      алушының әлеуметтiк мәртебесiн растайтын құжат;
      8) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктерге:
      өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәлiметтер;
      9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тұрмыстық қажеттіліктерге, табыстарын есепке алмай:
      алушының әлеуметтiк мәртебесiн растайтын құжат;
      10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, тұрмыстық қажеттіліктерге, табыстарын есепке алмай:
      егер аталған азамат уәкiлеттi органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтiк мәртебесiн растайтын құжат;
      11) барлық санаттағы мүгедектерге, шипажай немесе оңалту орталықтарына жол жүруге байланысты шығындарды өтеу үшін, нақты шығындар бойынша, табыстарын есепке алмай:
      алушының әлеуметтiк мәртебесiн растайтын құжат;
      жеке оңалту бағдарламасы;
      жол жүру шығындарын растайтын құжат;
      мүгедектің шипажай немесе оңалту орталығында болуын растайтын құжат;
      12) 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат.
      3. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа мен көшiрмелерде ұсынылады, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге өтiнiш берген күні қайтарылады.
      4. Осы шешiмнiң 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларымен қарастырылған жағдайда, жұмыспен қамту мәселелері жөнiндегi уәкiлеттi орган жұмыссыз ретiнде тiркелуiн тексередi.

Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан

Решение маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 21 декабря 2012 года № 54. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 14 января 2013 года № 3985. Утратило силу - Решением маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 6 декабря 2013 года № 126

      Сноска. Утратило силу - Решением маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 06.12.2013 № 126 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Стандартом государственной услуги "Назначение и выплата социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов", утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394 Сарыкольский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Оказать социальную помощь:
      1) лицам из малообеспеченных семей на погребение несовершеннолетних детей, в размере 15 месячных расчетных показателей, единовременно.
      Социальная помощь назначается и выплачивается заявителю, если один из родителей или иной законный представитель на день смерти ребенка зарегистрирован в качестве безработного в государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ акимата Сарыкольского района" (далее - уполномоченный орган по вопросам занятости);
      2) молодежи из семей со среднедушевым доходом ниже величины прожиточного минимума, установленного по Костанайской области за квартал, предшествующий кварталу обращения, для возмещения расходов, связанных с получением технического, профессионального, послесреднего и высшего образования, за исключением лиц, являющихся обладателями государственных образовательных грантов, получателями иных видов выплат за счет средств государственного бюджета, по фактическим затратам на оплату обучения в организации образования. Оказывается один раз в год, по факту обращения потребителя;
      3) больным заразной формой туберкулеза, выписанным из специализированной противотуберкулезной медицинской организации на дополнительное питание, без учета доходов, в размере 15 месячных расчетных показателей, единовременно;
      4) лицам из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума по Костанайской области за квартал, предшествующий кварталу обращения, на погребение умерших родственников, зарегистрированных на день смерти в качестве безработных в уполномоченном органе по вопросам занятости, в размере 15 месячных расчетных показателей, единовременно;
      5) инвалидам всех категорий на оперативное лечение по фактическим затратам, без учета доходов, единовременно, но не более 50 месячных расчетных показателей;
      6) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, ко Дню Победы единовременно, в размере 25 месячных расчетных показателей;
      7) лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также другим категориям лиц, приравненным по льготам и гарантиям к участникам войны ко Дню Победы в Великой Отечественной войне, единовременно, в размере 5 месячных расчетных показателей;
      8) лицам из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума по Костанайской области за квартал, предшествующий кварталу обращения, на бытовые нужды, единовременно, в размере 7 месячных расчетных показателей;
      9) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, на бытовые нужды, без подтверждения доходов, ежемесячно, в размере 6 месячных расчетных показателей;
      10) лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также другим категориям лиц, приравненным по льготам и гарантиям к участникам войны, на бытовые нужды, без подтверждения доходов, ежемесячно, в размере 3 месячных расчетных показателей;
      11) инвалидам всех категорий на возмещение расходов, связанных с проездом в санатории или реабилитационные центры, по фактическим затратам, без учета доходов, единовременно;
      12) лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, ко Дню Победы в Великой Отечественной войне, единовременно, в размере 5 месячных расчетных показателей.
      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным решением маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 10.04.2013 № 78 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Определить перечень документов, необходимых для получения государственной услуги "Назначение и выплата социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов", согласно приложению к настоящему решению.
      3. Признать утратившим силу решение районного маслихата от 1 февраля 2012 года № 12 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9-17-133, опубликовано в газете "Сарыкөл" № 10 от 1 марта 2012 года).
      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель очередной сессии              Б. Шокаева

      Секретарь районного маслихата              А. Карашулаков

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник государственного
      учреждения "Отдел занятости и
      социальных программ акимата
      Сарыкольского района"
      ___________ С. Мулдабеков

Приложение           
к решению маслихата      
от 21 декабря 2012 года № 54 

Перечень документов, необходимых для получения
государственной услуги "Назначение и выплата социальной
помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по
решениям местных представительных органов"

      Сноска. Приложение с изменением, внесенным решением маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 10.04.2013 № 78 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Обязательные документы:
      1) заявление потребителя, обратившегося за социальной помощью;
      2) документ, удостоверяющий личность получателя, а для несовершеннолетних получателей - свидетельство о рождении;
      3) документ, подтверждающий регистрацию по месту жительства получателя;
      4) исключен - решением маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 01.04.2013 № 71 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).;
      5) документ, подтверждающий наличие счета в банке получателя;
      6) при обращении законного представителя получателя, прилагаются документ, удостоверяющий личность, и документ, подтверждающий полномочия законного представителя.
      2. Дополнительные документы:
      1) лицам из малообеспеченных семей на погребение несовершеннолетних детей из малообеспеченных семей:
      сведения о доходах лица (семьи) за квартал, предшествующий кварталу обращения;
      свидетельство о смерти;
      2) молодежи из семей со среднедушевым доходом ниже величины прожиточного минимума, установленного по Костанайской области за квартал, предшествующий кварталу обращения, для возмещения расходов, связанных с получением технического, профессионального, послесреднего и высшего образования:
      сведения о доходах получателя (семьи) за квартал, предшествующий кварталу обращения;
      документ, подтверждающий место учебы и размер оплаты обучения за учебный год, выданный соответствующим учебным заведением;
      документ, подтверждающий оплату за обучение;
      3) больным заразной формой туберкулеза, выписанным из специализированной противотуберкулезной медицинской организации на дополнительное питание:
      справка из соответствующей медицинской организации, подтверждающая нахождение на лечении;
      4) лицам из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума по Костанайской области за квартал, предшествующий кварталу обращения, на погребение умерших родственников, зарегистрированных на день смерти в качестве безработных в уполномоченном органе по вопросам занятости:
      сведения о доходах лица (семьи) за квартал, предшествующий кварталу обращения;
      свидетельство о смерти;
      документ, подтверждающий родственные отношения;
      5) инвалидам всех категорий на оперативное лечение по фактическим затратам,без учета доходов:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя;
      документ, подтверждающий фактические затраты на оперативное лечение;
      документ, подтверждающий прохождение оперативного лечения в медицинском учреждении;
      6) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, ко Дню Победы:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя, в случае если данный гражданин не состоит на учете в уполномоченном органе;
      7) лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также другим категориям лиц, приравненным по льготам и гарантиям к участникам войны ко Дню Победы в Великой Отечественной войне:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя;
      8) лицам из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума по Костанайской области за квартал, предшествующий кварталу обращения, на бытовые нужды:
      сведения о доходах лица (семьи) за квартал, предшествующий кварталу обращения;
      9) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, на бытовые нужды, без подтверждения доходов:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя;
      10) лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также другим категориям лиц, приравненным по льготам и гарантиям к участникам войны, на бытовые нужды, без подтверждения доходов:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя, в случае если данный гражданин не состоит на учете в уполномоченном органе.
      11) инвалидам всех категорий на возмещение расходов, связанных с проездом в санатории или реабилитационные центры, по фактическим затратам, без учета доходов:
      документ, подтверждающий социальный статус потребителя;
      индивидуальная программа реабилитации;
      документ, подтверждающий затраты на проезд;
      документ, подтверждающий нахождение инвалида в санатории или в реабилитационном центре;
      12) лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, ко Дню Победы в Великой Отечественной войне:
      документ, подтверждающий социальный статус потребителя.
      3. Документы предоставляются в копиях и подлинниках для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю в день подачи заявления.
      4. В случаях, предусмотренных подпунктами 1) и 4) пункта 1 настоящего решения, уполномоченный орган по вопросам занятости проверяет регистрацию в качестве безработного.