Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 1 ақпандағы № 12 шешімі. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 22 ақпанда № 9-17-133 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 54 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2012.12.21 № 54 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, біржолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Әлеуметтік көмек өтініш беруші ата-ананың біреуіне немесі басқа заңды өкіліне, егер бала қайтыс болған күні "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелген болса тағайындалады және төленеді;
      2) бiлiм беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттiк бюджеттен өзге төлемдердi алушылар, мемлекеттiк бiлiм беру гранттарының иелерi болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен оқуды жалғастыратын, техникалық, кәсіби, ортадан кейінгі және жоғары бiлiмдi алуға байланысты бiлiм беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге. Тұтынушының өтініш жасаған фактісі бойынша жылына бір рет көрсетіледі;
      3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын тұлғаларға, қосымша тамақтануға, біржолғы, 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      4) өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күнi жұмыспен қамту мәселелері жөнiндегi уәкiлеттi органда жұмыссыз ретiнде тiркелген болса, біржолғы, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, нақты шығындар бойынша жедел емделуге, біржолғы, бірақ 50 айлық есептік көрсеткіштен көп емес;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне орай, біржолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, біржолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, ай сайын, 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      2. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессияның төрағасы,
      аудандық мәслихатының хатшысы              А. Қарашолақов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Сарыкөл ауданы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _____________ Ю. Кондриков
 

Мәслихаттың       
2012 жылғы 1 ақпандағы 
№ 12 шешіміне қосымша  

"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1. Міндетті құжаттар:
      1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;
      2) алушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған алушылар үшін – туу туралы куәлік;
      3) алушының тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;
      4) алушының салық төлеуші куәлігі;
      5) алушының банктық шоты болуын растайтын құжат;
      6) алушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде, жеке басын куәландыратын құжат, және заңды өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат қоса беріледі.
      2. Қосымша құжаттар:
      1) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге:
      өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәлiметтер;
      қайтыс болуы туралы куәлiк;
      2) өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен оқуды жалғастыратын, техникалық, кәсіби, ортадан кейінгі және жоғары бiлiмдi алуға байланысты бiлiм беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге:
      өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға алушының (отбасының) табыстары туралы мәлiметтер;
      тиiстi оқу орнымен берiлген, оқу жылына оқу төлемiнiң мөлшерi мен оқу орнын растайтын құжат;
      оқу төлемiн растайтын құжат;
      3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға:
      емделуде болғанын растайтын, тиiстi медициналық ұйымнан анықтама;
      4) өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күнi жұмыспен қамту мәселелері жөнiндегi уәкiлеттi органда жұмыссыз ретiнде тiркелген болса:
      өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәлiметтер;
      қайтыс болуы туралы куәлiк;
      туыстық қатынастарды растайтын құжат;
      5) барлық санаттағы мүгедектерге, нақты шығындар бойынша жедел емделуге:
      алушының әлеуметтiк мәртебесiн растайтын құжат;
емделу шығындарын растайтын құжат;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне орай:
      егер аталған азамат уәкiлеттi органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтiк мәртебесiн растайтын құжат;
      7) өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына:
      өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәлiметтер;
      8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, ай сайын:
      егер аталған азамат уәкiлеттi органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтiк мәртебесiн растайтын құжат;
      3. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа мен көшiрмелерде ұсынылады, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге өтiнiш берген күнi қайтарылады.
      4.Осы шешiмнiң 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларымен қарастырылған жағдайда, жұмыспен қамту мәселелері жөнiндегi уәкiлеттi орган жұмыссыз ретiнде тiркелуiн тексередi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады