Мәслихаттың 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 54 "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 10 сәуірдегі № 78 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 сәуірде № 4104 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 126 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 06.12.2013 № 126 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 54 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3985 тіркелген, 2013 жылғы 24 қаңтарда "Сарыкөл" газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне орай, бір жолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";
      көрсетілген шешімнің "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі" атты қосымшасында 2-тармағы келесі мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессияның төрағасы                         В. Мелоян

      Аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Қарашолақов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _____________ С. Молдабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады