Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2012 жылы ұсыну туралы

Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 40 шешімі. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 12 шілдеде № 9-18-173 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 18-бабының 8-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Тоғызыншы, кезектен тыс
      сессиясының төрағасы                       А. Мадибаев

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               С. Жолдыбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Таран ауданы әкімдігінің
      ауыл шаруашылық бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________________ А. Оспанов
      2012 жылғы 27 маусым

      "Таран ауданы әкімдігінің
      экономика және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ______________ В. Ересько
      2012 жылғы 27 маусым

О предоставлении в 2012 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района

Решение маслихата Тарановского района Костанайской области от 27 июня 2012 года № 40. Зарегистрировано Управлением юстиции Тарановского района Костанайской области 12 июля 2012 года № 9-18-173

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Предоставить в 2012 году специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты, подъемное пособие и социальную поддержку для приобретения или строительства жилья.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель девятой,
      внеочередной, сессии                       А. Мадибаев

      Секретарь районного маслихата              С. Жолдыбаев

      СОГЛАСОВАНО

      Начальник
      государственного учреждения
      "Отдел сельского хозяйства
      акимата Тарановского района"
      ______________ А. Оспанов
      27 июня 2012 года

      Начальник
      государственного учреждения
      "Отдел экономики и финансов
      акимата Тарановского района"
      _______________ В. Ересько
      27 июня 2012 года