"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 18-бабының 8-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Тоғызыншы, кезектен тыс
сессиясының төрағасы А. Мадибаев
Аудандық мәслихаттың хатшысы С. Жолдыбаев
КЕЛІСІЛДІ
"Таран ауданы әкімдігінің
ауыл шаруашылық бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________________ А. Оспанов
2012 жылғы 27 маусым
"Таран ауданы әкімдігінің
экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
______________ В. Ересько
2012 жылғы 27 маусым