Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2013.01.11 № 4-13/33 хатымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7–бабы 5) тармақшасына, 20–бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу нақты орындалған жұмыстар үшін ең төменгі айлық жалақының 1,5 мөлшерінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.
3. Еңбекақы төлеуге, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мөлшерде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдарды төлеу, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға тиесілі жалақыны есептеу және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне комиссиялық сыйақы төлеуге арналған шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелетіні белгіленсін.
4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және тізбеде белгіленген ұйымдар арасында, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартта көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н.Қ.Өтегеновке жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Федоров
ауданының әкімі Қ. Ахметов
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай облысы әкімдігінің
Денсаулық сақтау басқармасы
"Федоров аудандық орталық
ауруханасы" коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорынның
бас дәрігері
______________ В. Финк
Әкімдіктің
2012 жылғы 16 сәуірдегі № 91
қаулысымен бекітілген
Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың
түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қоғамдық
жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне
төленетін ақының мөлшері
№ |
Ұйымның атауы |
Жұмыс түрлері |
Жұмыс |
Еңбекақы |
Жұмыстардың нақты |
1. |
"Ақжан және |
Қызметкердің |
39072 |
Айлық ең |
Қоғамдық |
2. |
Қостанай облысы |
Қызметкердің |
2288 |
Айлық ең |
Қоғамдық |