2012 жылы Федоров ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 91 қаулысы. Қостанай облысы Федоров ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 4 мамырда № 9-20-216 тіркелді. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 4-13/33 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2013.01.11 № 4-13/33 хатымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7–бабы 5) тармақшасына20–бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу нақты орындалған жұмыстар үшін ең төменгі айлық жалақының 1,5 мөлшерінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.
      3. Еңбекақы төлеуге, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мөлшерде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдарды төлеу, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға тиесілі жалақыны есептеу және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне комиссиялық сыйақы төлеуге арналған шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелетіні белгіленсін.
      4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және тізбеде белгіленген ұйымдар арасында, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартта көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н.Қ.Өтегеновке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Федоров
      ауданының әкімі                            Қ. Ахметов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай облысы әкімдігінің
      Денсаулық сақтау басқармасы
      "Федоров аудандық орталық
      ауруханасы" коммуналдық
      мемлекеттік кәсіпорынның
      бас дәрігері
      ______________ В. Финк

Әкімдіктің           
2012 жылғы 16 сәуірдегі № 91 
қаулысымен бекітілген     

Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың
түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қоғамдық
жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне
төленетін ақының мөлшері

Ұйымның атауы

Жұмыс түрлері

Жұмыс
көлем
(сағат)

Еңбекақы
төлеу

Жұмыстардың нақты
жағдайлары

1.

"Ақжан және
біз"
жауапкершілігі
шектеулі
серіктестігі

Қызметкердің
алдын ала
кәсіптік
даярлаудан
өтуін талап
етпейтін
аумақты жинауда
және
абаттандыруда
көмек көрсету,
тұрғын үйлерді,
әлеуметтік-
мәдени
мақсатындағы
объектілерді
салу, қалпына
келтіру,
күрделі жөндеу
жұмыстарына,
тарихи-
сәулеттік
ескерткіштерді,
кешендерді және
қорықтағы
аймақтарды
қалпына
келтіруге
қатысу

39072

Айлық ең
төменгі
жалақының
1,5
мөлшері

Қоғамдық
жұмыстарға бір
қатысушының жұмыс
уақытының
ұзақтығы–
Қазақстан
Республикасының
еңбек
заңнамасымен
ескерілген
шектеулерді
есепке алып,
аптасына 40
сағаттан артық
емес, екі демалыс
күнімен, бір
сағаттан кем емес
түскі үзіліспен

2.

Қостанай облысы
әкімдігінің
Денсаулық
сақтау
басқармасы
"Федоров
ауданының
орталық
ауруханасы"
коммуналдық
мемлекеттік
кәсіпорыны

Қызметкердің
алдын ала
кәсіптік
даярлаудан
өтуін талап
етпейтін
аумақты жинауда
және
абаттандыруда
көмек көрсету,
тұрғын үйлерді,
әлеуметтік-
мәдени
мақсатындағы
объектілерді
салу, қалпына
келтіру,
күрделі жөндеу
жұмыстарына
қатысу

2288

Айлық ең
төменгі
жалақының
1,5
мөлшері

Қоғамдық
жұмыстарға бір
қатысушының жұмыс
уақытының
ұзақтығы–
Қазақстан
Республикасының
еңбек
заңнамасымен
ескерілген
шектеулерді
есепке алып,
аптасына 40
сағаттан артық
емес, екі демалыс
күнімен, бір
сағаттан кем емес
түскі үзіліспен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады