Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облыстық әкімі аппарат басшысының 25.12.2013 N 1/5-06/1935 хатымен).
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 180-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 543-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 наурыздағы "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2012 жылға кредит беру шарттарын бекіту туралы" N 293 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі N 819 қаулысымен бекітілген Микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидасына, Павлодар облыстық мәслихатының (IV сайланған кезектен тыс XL сессиясы) 2011 жылғы 6 желтоқсандағы "2012 - 2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" N 404/40 шешіміне сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бюджеттік кредиттерді берудің 2012 жылға арналған мынадай шарттары белгіленсін:
беру мақсаты – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) екінші бағыты шеңберінде жобаларды қаржыландыру; кредит мөлшері – 769,5 млн. теңге;
кредит валютасы – теңге;
кредитті игеру мерзімі – 2016 жылғы 25 желтоқсанға дейін;
кредит беру мерзімі – 5 жылға дейін;
негізгі қарызды өтеудің жеңілдікті кезеңі кредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспауы тиіс;
уәкілетті өңірлік ұйымға кредит ретінде бюджет қаражатын бергені үшін сыйақы мөлшерлемесі – бюджет пайдасына аударуға жататын жылына 2,78%;
уәкілетті өңірлік ұйыммен микроқаржы ұйымына ұсынылатын кредит бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесін, сондай-ақ Бағдарламаның қатысушысына кредит бойынша ең жоғарғы жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін уәкілетті өңірлік ұйым Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның келісімі бойынша белгілейді.
Бағдарламаның бір қатысушысына кредит қаражатын берудің ең жоғарғы сомасы – 3000000 (үш миллион) теңге.
2. Жобаларды кредиттеу Бағдарламаның басымдықты бағыттарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Павлодар облысы әкімдігінің 2011 жылғы 20 қыркүйектегі "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде жобаларды қаржыландыру кезінде бюджеттік кредиттеу шарттарын анықтау туралы" N 187/8 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3190 тіркелген, 2011 жылғы 22 қыркүйектегі N 108 "Звезда Прииртышья", 2011 жылғы 22 қыркүйектегі N 108 "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланды).
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Е. Арын