Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде жобаларды қаржыландыру кезінде бюджеттік кредиттеу шарттарын анықтау туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2011 жылғы 20 қыркүйектегі N 187/8 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 21 қыркүйекте N 3190 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі N 104/4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2012.04.12 N 104/4 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 180-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы ереженің 543-тармағына, Павлодар облыстық мәслихатының (IV сайланған кезектен тыс XXXIII сессиясы) 2011 жылғы 16 наурыздағы "Облыстық мәслихаттың (IV сайланған, XXIX сессиясы) 2010 жылғы 13 желтоқсандағы "2011 - 2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" N 324/29 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 355/33 шешіміне сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бюджеттік кредиттерді берудің 2011 жылға арналған мынадай шарттары белгіленсін:
      беру мақсаты - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) екінші бағыты шеңберінде жобаларды қаржыландыру;
      кредит мөлшері – 370,0 млн. теңге;
      кредит валютасы – теңге;
      кредитті игеру мерзімі – 2014 жылғы 25 желтоқсанға дейін;
      кредит беру мерзімі – 5 жылға дейін, негізгі қарызды өтеудің жеңілдікті кезеңі – 18 айға дейін;
      уәкілетті өңірлік ұйымға кредит ретінде бюджет қаражатын бергені үшін сыйақы мөлшерлемесі – бюджет пайдасына аударуға жататын жылына 2,65 %;
      уәкілетті өңірлік ұйымымен микроқаржы ұйымына ұсынылатын кредит бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесін, сондай-ақ Бағдарламаның қатысушысына кредит бойынша ең жоғарғы жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін уәкілетті өңірлік ұйым Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның келісімі бойынша белгілейді;
      Бағдарламаның бір қатысушысына кредит қаражатын берудің ең жоғарғы сомасы – 3000000 (үш миллион) теңге.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы                          М. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады