"Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 01 қазандағы N 274/10 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 29 қазанда N 3239 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі N 102/4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 10.04.2014 N 102/4 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" N 745 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі "Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызметінің стандартын бекіту туралы" N 976 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің ұсынылып отырған  регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Өрсариевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Е. Арын

Павлодар облысы әкімдігінің
2012 жылғы 01 қазандағы 
N 274/10 қаулысымен  
бекітілді       

"Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени
құндылығының болуы туралы қорытынды беру"
мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      мәдени құндылық – зайырлы және діни сипаттағы мәдени мұра заты, сондай-ақ тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени маңызы бар өзге де құндылықтар;
      тұтынушы – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке немесе заңды тұлға;
      басқарма – "Павлодар облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
      регламент – "Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ішкі тәртіпті реттейтін нормативтік құқықтық акті;
      қорытынды – әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы және уақытша әкетілетін мәдени құндылықтың түпнұсқалығы туралы сараптама нәтижесі жазылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы "Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" N 447 қаулысымен белгіленген үлгіде ұсынылатын құжат;
      сараптама комиссиясы – облыстың жергілікті атқарушы органымен құрылатын мәдени құндылықтарды әкету және әкелу жөніндегі комиссиясы;
      құрылымдық-функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне қатысатын лауазымдық тұлғалар (бұдан әрі - ҚФБ).

2. Жалпы ережелер

      2. Мемлекеттік қызметті "Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру" (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) басқарма көрсетеді.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы "Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" N 447 қаулысының негізінде көрсетіледі.
      5. Қорытындыны беру немесе қорытындыны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
      Қорытынды осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес қағаз тасымалдағышта жазбаша түрде ресімделеді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      6. Басқарманың және Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының тұрған жері мен жұмыс кестесі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі N 976 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1, 2-қосымшаларында көрсетілген.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ, оның көрсетілу барысы туралы ақпаратты мәдениет басқармасының веб-сайтынан: www.madeniet.pavlodar.gov.kz, мемлекеттік қызмет көрсету орындарындағы стендтерден, сонымен қатар, басқармаға 8(7182) 32-03-29 телефоны бойынша хабарласып ала аласыздар.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
      9. Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакетін тұтынушының толық ұсынбауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
      Қорытынды беруден бас тартқан жағдайда тұтынушыға қорытынды беру үшін белгіленген мерзімде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
      10. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушыдан өтініш алынған сәттен бастап және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру сәтіне дейінгі мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:
      1–ші кезең – басқарма маманының құжаттар мен заттарды қабылдауы, тіркеуі және оларды басқарма басшылығына қарастыруға тапсыру;
      2–ші кезең – басқарма басшылығының орындаушыны, сараптама жүргізу орны мен уақытын анықтауы;
      3–ші кезең – басқарма маманының сараптама комиссиясына сараптама жүргізу үшін тұтынушының құжаттары мен заттарын жіберуді жүзеге асыруы;
      4–ші кезең – уақытша әкетілетін затта мәдени құндылықтың  болуын немесе түпнұсқалығын анықтау және қорытынды дайындау мақсатында сараптау комиссиясының сараптама жүргізуді жүзеге асыруы;
      5–ші кезең – басқарма маманының басқарма мөрімен қорытындыларды бекіту жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыруы, сондай-ақ қорытындының бір данасы мен заттарды тұтынушыға беру.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер
(өзара әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы

      11. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды басқармаға ұсынады.
      12. Мемлекеттік қызметтерді тұтынушының өтініштері жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналына тіркеледі. Басқарманың құжаттамалық қамтамсыз ету қызметінің тіркеу (кіріс нөмірі, күні) мөртабаны бар тұтынушы өтінішінің көшірмесі құжаттар мен заттардың тапсырылғанын растау болып табылады.
      13. Қорытынды және сараптамадан өткен мәдени құндылық ретінде қаралатын заттар тұтынушыға (не болмаса сенім хат бойынша өкілге) жеке өзі келгенде беріледі.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне мынадай ҚФБ қатысады:
      1) басқарманың ұйымдастыру жұмыстары және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметін үйлестіру бөлімінің маманы;
      2) басқарма басшылығы;
      3) басқарманың талдау және мониторинг, тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімінің маманы;
      4) сараптау комиссиясы.
      15. Әрбір әкімшілік әрекеттің (үрдістің) орындалу мерзімін көрсетумен әр ҚФБ әкімшілік әрекетінің (үрдісінің) бірізділігі мен өзара әрекетінің мәтіндік кестелік сипаты осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде және ҚФБ әкімшілік әрекетінің ой-түйіндік тәртібі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбалар осы регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген.

5. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуде қабылданатын шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздікке) немесе мерзімдердің орындалмауына басқарма басшысы жауапты болып табылады.
      18. Басқарма басшысы, басқарманың талдау және мониторинг, тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімінің маманы, сондай-ақ сараптама комиссиясы төраға тұлғасында тұтынушы ұсынған құжаттар мен заттардың сақталуына (олар жоғалған немесе бүлінген жағдайда) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауапты болады.

"Әкетілетін және әкелінетін заттың
мәдени құндылығының болуы туралы
қорытынды беру" мемлекеттік  
қызмет көрсету регламентіне  
1-қосымша          

Павлодар облысы мәдениет басқармасының
мәдени құндылықтарды әкету және әкелу
жөніндегі сараптама комиссиясы ҚОРЫТЫНДЫ

Павлодар қаласы                           20____  ж . "_____________"
1. Өтініш беруші (А.Ж.Т немесе заңды тұлғаның атауы)
____________________________________________________________________
2. Азаматтығы:
паспортының немесе жеке куәлігінің нөмірі __________________________
_________  жылы "_____"  ______  берілген
заңды тұлғаның  деректемелері ______________________________________
3. Өтініш берушінің кәсібі (қызметі_________________________________
4. Затты әкету (уақытша әкету) _____________________________________
мақсаты:____________________________________________________________
5. Сараптамаға ұсынылды (жазбаша саны, орындау техникасын, дайындау  материалын, көлемін, салмағын, дайындау уақытын көрсетумен сипаттамасы және т.б)_______________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қорытынды___________________________________________________________
____________________________________________________________________
                   (мәдени құндылығының бар/жоғы)

Сараптама комиссиясының
      төрағасы ____________________________________________ (А.Ж.Т.)
Комиссия мүшелері:
_____________________________  (А.Ж.Т.)
_____________________________  (А.Ж.Т.)
      М.О.

"Әкетілетін және әкелінетін заттың
мәдени құндылығының болуы туралы
қорытынды беру" мемлекеттік  
қызмет көрсету регламентіне  
2-қосымша          

1-кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы


Негізгі үрдіс әрекеті (жұмыс барысы, ағымы)
1 2 3 4 5 6 7

1

Әрекеттің N (жұмыс барысы, ағымы)

1

2

3

4

5

2

ҚФБ атауы

1-ҚФБ

2-ҚФБ

3-ҚФБ

4-ҚФБ

5-ҚФБ

3

Әрекеттің (үрдістің, рәсімнің, операция-ның) атауы және олардың сипаттамасы

Тұтынушының құжаттары мен заттарын қабылдау, тіркеу және оларды басқарма басшылығына қарастыруға беру

Орындаушыны, сараптама жүргізу орны мен уақытын анықтау

Құжаттардың толықтығын тексеру

Уақытша әкетілетін затта мәдени құндылықтың  болуын немесе түп-нұсқалығын анықтау және қорытынды дайындау мақсатында сараптау комиссиясының сараптама жүргізуді жүзеге асыруы

Басқарма мөрімен қорытындыларды бекіту жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыру, сондай-ақ қорытындының бір данасы мен заттарды тұтынушыға беру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық- өкімдік шешім)

Тіркеу мөртабаны бар өтініштін көшірмесін беру

Құжаттарды орындаушыға жіберу

Сараптау комиссиясына сараптама жүргізу үшін тұтынушының құжаттары мен заттарын жіберу

Қорытынды дайындау

Қорытындының бір данасы мен заттарды тұтынушыға  беру

5

Орындалу мерзімі

10 мин

1 күн ішінде

1 күн ішінде

1 күн ішінде

10 мин.

6

Келесі әрекет нөмірі

2

3

4

5


2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үрдіс

Негізгі үрдіс (жұмыс барысы, ағымы)
1-ҚФБ 2-ҚФБ 3-ҚФБ 4-ҚФБ

О-1 әрекет Құжаттарды тіркеу

О-2 әрекет Орындаушыны анықтау

О-3 әрекет Құжаттар мен заттардың толықтығын тексеру және сараптау комиссиясына сараптама жүргізу үшін жіберу

О-4 әрекет Сараптама жүргізу және қорытынды дайындау



О-5 әрекет Басқарма мөрімен қорытындыларды бекіту, қорытындының бір данасы мен заттарды тұтынушыға беру


3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Альтернативті үрдіс

Альтернативті үрдіс (жұмыс барысы, ағымы) немесе кеңейуі
1-ҚФБ 2-ҚФБ 3-ҚФБ

А-1 әрекет Құжаттарды тіркеу

А-2 әрекет Орындаушыны анықтау

А-3 әрекет Құжаттар мен заттардың толықтығын тексеру және дәлелді бас тарту құжатын дайындау


А-4 әрекет Дәлелді бас тарту құжатына қол қою

А-5 әрекет Дәлелді бас тарту құжатын беру

"Әкетілетін және әкелінетін заттың
мәдени құндылығының болуы туралы
қорытынды беру" мемлекеттік  
қызмет көрсету регламентіне  
3-қосымша          

Функционалдық өзара әрекеттер сызбасы

Об утверждении регламента оказания государственной услуги "Выдача заключения о наличии культурной ценности у вывозимого и ввозимого предмета"

Постановление акимата Павлодарской области от 01 октября 2012 года N 274/10. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 29 октября 2012 года N 3239. Утратило силу постановлением акимата Павлодарской области от 10 апреля 2014 года N 102/4

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Павлодарской области от 10.04.2014 N 102/4.

      В соответствии со статьей 9-1 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах", постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года N 745 "Об утверждении реестра государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам", постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2010 года N 976 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Выдача заключения о наличии культурной ценности у вывозимого и ввозимого предмета" акимат Павлодарской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый регламент оказания государственной услуги "Выдача заключения о наличии культурной ценности у вывозимого и ввозимого предмета".
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Орсариева А.А.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области                               Е. Арын

Утвержден       
постановлением акимата    
Павлодарской области     
от 01 октября 2012 года N 274/10

Регламент оказания государственной услуги "Выдача
заключения о наличии культурной ценности у вывозимого
и ввозимого предмета"

1. Основные понятия

      1. В настоящем регламенте используются следующие понятия:
      культурная ценность – предмет культурного наследия светского и религиозного характера, а также иные ценности, имеющие историческое, художественное, научное или иное культурное значение;
      потребитель – физическое или юридическое лицо, которому оказывается государственная услуга;
      управление – государственное учреждение "Управление культуры Павлодарской области";
      регламент – нормативный правовой акт, регулирующий внутренний порядок по государственной услуге "Выдача заключения о наличии культурной ценности у вывозимого и ввозимого предмета";
      заключение – документ, выдаваемый по форме, установленной постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 июня 2007 года  N 447 "Об утверждении Правил проведения экспертизы культурных ценностей, вывозимых и ввозимых в Республику Казахстан", в котором изложены результаты экспертизы о наличии у вывозимого предмета культурной ценности и о подлинности временно вывезенной культурной ценности;
      экспертная комиссия – комиссия по вывозу и ввозу культурных ценностей, создаваемая местным исполнительным органом области;
      структурно-функциональные единицы – должностные лица, которые участвуют в процессе оказания государственной услуги (далее – СФЕ).

2. Общие положения

      2. Государственная услуга "Выдача заключения о наличии культурной ценности у вывозимого и ввозимого предмета" (далее - государственная услуга) оказывается управлением.
      3. Форма оказываемой государственной услуги: не автоматизированная.
      4. Государственная услуга оказывается на основании постановления Правительства Республики Казахстан от 1 июня 2007 года N 447 "Об утверждении Правил проведения экспертизы культурных ценностей, вывозимых и ввозимых в Республику Казахстан".
      5. Результатом оказания государственной услуги является выдача заключения, либо мотивированный ответ об отказе в выдаче заключения.
      Заключение оформляется в письменном виде на бумажном носителе согласно приложению 1 к настоящему регламенту.

3. Требования к порядку оказания государственной услуги

      6. Информация о месте нахождения и графике работы управления и местного исполнительного органа Павлодарской области указана в приложениях 12 Стандарта государственной услуги, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2010 года N 976 (далее - Стандарт).
      7. Информацию о порядке оказания государственной услуги, а также о ходе оказания государственной услуги можно получить на интернет-ресурсе управления: www.madeniet.pavlodar.gov.kz, стендах в местах оказания государственной услуги, а также обратившись в управление по телефону: 8(7182) 32-03-29.
      8. Сроки оказания государственной услуги указаны в пункте 7 Стандарта.
      9. Основанием для отказа в оказании государственной услуги является предоставление неполного пакета документов потребителя, предусмотренных в пункте 11 Стандарта.
      В случае отказа в выдаче заключения, потребителю дается мотивированный ответ в письменном виде в сроки, установленные для выдачи заключения.
      10. Этапы оказания государственной услуги с момента получения заявления от потребителя для получения государственной услуги и до момента выдачи результата государственной услуги:
      1–й этап – прием, регистрация документов и предметов специалистом управления и передача их на рассмотрение руководству управления;
      2–й этап – определение руководством управления исполнителя, места и времени проведения экспертизы;
      3–й этап – осуществление специалистом управления передачи документов и предметов потребителя на экспертизу в экспертную комиссию;
      4–й этап – проведение экспертной комиссией экспертизы в целях определения наличия у предмета культурной ценности или подлинности временно вывезенной культурной ценности и подготовка заключения;
      5–й этап – осуществление специалистом управления организационных мероприятий по скреплению заключений печатью управления, а также выдачи одного экземпляра заключения и предметов потребителю.

4. Описание порядка действий (взаимодействия)
в процессе оказания государственной услуги

      11. Для получения государственной услуги потребитель представляет в управление документы, указанные в пункте 11 Стандарта.
      12. Обращение потребителя государственной услуги регистрируется в журнале учета обращений физических и юридических лиц. Подтверждением сдачи документов и предметов является копия заявления потребителя со штампом регистрации (входящий номер, дата) службы документационного обеспечения управления.
      13. Заключение и предметы, рассматриваемые как культурная ценность, прошедшие экспертизу, выдаются потребителю (либо представителю по доверенности) при личном посещении.
      14. В процессе оказания государственной услуги участвуют следующие СФЕ:
      1) специалист отдела организационной работы и координации деятельности подведомственных организаций управления;
      2) руководство управления;
      3) специалист отдела анализа и мониторинга, охраны историко-культурного наследия управления;
      4) экспертная комиссия.
      15. Текстовое табличное описание последовательности и взаимодействие административных действий (процедур) каждой СФЕ с указанием срока выполнения каждого административного действия (процедуры) указано в приложении 2 к настоящему регламенту.
      16. Схемы, отражающие взаимосвязь между логической последовательностью административных действий в процессе оказания государственной услуги и СФЕ, указаны в приложении 3 к настоящему регламенту.

5. Ответственность должностных лиц,
оказывающих государственные услуги

      17. Ответственным за принимаемые решения, действия (бездействие) или срыв сроков предоставления государственной услуги является руководитель управления.
      18. Руководитель управления, специалист отдела анализа и мониторинга, охраны историко-культурного наследия управления, а также экспертная комиссия в лице председателя несут ответственность за сохранность представленных документов и предметов потребителя (на случай их утраты или порчи) в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан.

Приложение 1       
к регламенту государственной услуги
"Выдача заключения о наличии   
культурной ценности у вывозимого 
и ввозимого предмета"      

Экспертная комиссия по вывозу и ввозу культурных
ценностей управления культуры Павлодарской области ЗАКЛЮЧЕНИЕ

г. Павлодар                             "____" __________ 20___г.
1. Заявитель (Ф.И.О. или наименование юридического лица)__________
__________________________________________________________________
2. Гражданство: __________________________________________________
N паспорта или удостоверения личности:____________________________
выданного "_____"______________ года
реквизиты юридического лица_______________________________________
3. Профессия (занятие) заявителя _________________________________
4. Цель вывоза (временного вывоза)________________________________
5. Представлено на экспертизу (количество прописью, описание с указанием техники исполнения, материала изготовления, размера, веса, времени изготовления и т.д.)______________________________________
      _____________________________________________________________
      _____________________________________________________________
      _____________________________________________________________
      Заключение__________________________________________________
___________________________________________________________________
              (имеет/либо не имеет культурную ценность)
Председатель экспертной комиссии:    ____________________(Ф.И.О.)
Члены комиссии:
___________________(Ф.И.О.)
___________________(Ф.И.О.)
      М.П.

Приложение 2       
к регламенту государственной услуги
"Выдача заключения о наличии   
культурной ценности у вывозимого 
и ввозимого предмета"      

Таблица 1. Описание действий СФЕ


Действия основного процесса (хода, потока работ)
1 2 3 4 5 6 7

1

N действия (хода, потока работ)

1

2

3

4

5

2

Наименование СФЕ

СФЕ 1

СФЕ 2

СФЕ 3

СФЕ 4

СФЕ 3

3

Наименование действия (процесса, процедуры, операции) и их описание

Прием, регистрация документов и предметов  потребителя и передача их на рассмотрение руководству управления

Определение исполнителя, места и времени проведения экспертизы

Проверка полноты документов

Проведение экспертизы в целях определения наличия культурной ценности  или подлинности временно вывезенной культурной ценности

Осуществление организационных мероприятий по скреплению заключений печатью управления, а также подготовка к выдаче  одного экземпляра заключения и предметов потребителю

4

Форма завершения (данные, документ, организационно- распорядительное решение)

Выдача копии заявления со штампом регистрации

Направление документов исполнителю

Передача документов и предметов потребителя на экспертизу в экспертную комиссию

Подготовка заключения

Выдача  одного экземпляра заключения и предметов потребителю

5

Сроки исполнения

10 минут

В течение 1 дня

В течение 1 дня

В течение 1 дня

10 минут

6

Номер следующего действия

2

3

4

5


Таблица 2. Варианты использования. Основной процесс

Основной процесс (ход, поток работ)

СФЕ 1

СФЕ 2

СФЕ 3

СФЕ 4

Действие О-1 Регистрация документов

Действие О-2 Определение исполнителя

Действие О-3 Проверка полноты документов и предметов и передача на экспертизу в экспертную комиссию

Действие О-4 Проведение экспертизы и подготовка заключения



Действие О-5 Скрепление заключений печатью управления, выдача одного экземпляра заключения и предметов потребителю


Таблица 3. Варианты использования. Альтернативный процесс

Альтернативный процесс (ход, поток работ) или расширение

СФЕ 1

СФЕ 2

СФЕ 3

Действие А-1 Регистрация документов

Действие А-2 Определение исполнителя

Действие А-3 Проверка полноты документов и предметов и подготовка мотивированного отказа


Действие А-4 Подписание мотивированного отказа

Действие А-5 Выдача мотивированного отказа

Приложение 3       
к регламенту государственной услуги
"Выдача заключения о наличии   
культурной ценности у вывозимого 
и ввозимого предмета"      

Схема функционального взаимодействия