Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімі аппаратының 06.10.2014 N 1-22/1253 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылға Ақсу қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар адамдар;
2) 50 жастан асқан адамдар;
3) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген адамдар;
4) отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ адамдар;
5) 29 жасқа дейінгі жастарды қоса алғанда;
6) туберкулезбен ауыратын науқастар;
7) бұрын жұмыс істемеген адамдар (жұмыс өтілі жоқтар).
2. Ақсу қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 1 ақпандағы N 39/1 "Ақсу қаласы халқының нысаналы топтары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 12-2-128 болып тіркелді, 2010 жылғы 20 наурызда N 23 "Ақжол-Новый путь" қалалық газетінде жарияланған) және 2010 жылғы 9 сәуірдегі N 210/3 "Ақсу қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 1 ақпандағы "Ақсу қаласы халқының нысаналы топтары туралы" N 39/1 қаулысына толықтыру енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудін тізілімінде N 12-2-138 болып тіркелді, 2010 жылғы 28 сәуірде N 34 "Ақжол-Новый путь" қалалық газетінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.З. Ысқақоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Б. Бақауов