Ақсу қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 1 ақпандағы "Ақсу қаласы халқының нысаналы топтары туралы" N 39/1 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі N 210/3 қаулысы. Павлодар облысы Ақсу қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 сәуірде N 12-2-138 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы N 83/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2012.01.26 N 83/2 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) және 14)-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес, халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 1 ақпандағы "Ақсу қаласы халқының нысаналы топтары туралы" (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-2-128 тіркелген, "Ақжол – Новый путь" газетінде 2010 жылғы 20 наурыздағы жарияланған) N 39/1 қаулысының 1-тармағы мына мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      8) 2009 және 2010 жылдары бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарында оқу бітірген тұлғалар.
      2. Осы қаулы ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.М. Рахымжановқа жүктелсін.

      Қала әкімі                                 О. Қайыргелдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады