Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 24.12.2013 N 331/12 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықтың жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының, 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес Успен ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Успен аудан әкімдігінің 2012 жылғы 9 сәуіріндегі "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы" (2012 жылдың 19 сәуірінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-12-124 тіркелген, аудандық "Апта айнасы" газетінде 2012 жылғы 3 мамырда жарияланған) N 107/4 қаулысына келесі өзгертулер енгізілсін:
қаулының 1 тармағында "бір пайыз" деген сөздер "төрт пайыз" деген сөздерге ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А.Дисюповаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Әутәліпов