Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 09 сәуірдегі N 107/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 19 сәуірде N 12-12-124 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 24 желтоқсандағы N 331/12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 24.12.2013 N 331/12 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының  5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектерін әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мақсатында Успен ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға жұмыс орындары квотасы аудандағы жұмыс орындар санының төрт пайыз көлемінде белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2012.09.19 N 277/9 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектеріне жұмыс орындары квотасы аудандағы жұмыс орындар санының бір пайыз көлемінде белгіленсін.
      3. "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектерін жұмысқа орналастыру үшін осы қаулыны басшылыққа алсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А.Дисюповаға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Әутәліпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады