Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімі аппарат басшысының 27.09.2013 N 35/01-17/820 хаты).
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2012.06.22 N 218/4 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1–тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес жұмысқа орналастыруға мұқтаж бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелет жасқа толмаған түлектерін жұмыспен қамту және жұмысқа қабылдауға көмек көрсету мақсатында, Шарбақты ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бас бостандығынан қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларды және интернат мекемелерінің кәмелет жасқа толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін, меншік құрылымына қарамастан Шарбақты ауданының кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санынан бір проценті көлемінде жұмыс орындары квотасы белгіленсін (келісім бойынша).
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2012.06.22 N 218/4 (жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелет жасқа толмаған түлектеріне жұмысқа орналасуға және жұмысты таңдауға көмек көрсетсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2012.06.22 N 218/4 (жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бақтылы Қайырбекқызы Қалыбаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Смағұлов