Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 27 ақпандағы "Шарбақты ауданы бойынша 2012 жылы бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелет жасқа толмаған түлектеріне жұмыс орындарын квоталау туралы" N 55/1 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 22 маусымдағы N 218/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 17 шілдеде N 12-13-149 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімі аппарат басшысының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі N 35/01-17/820 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімі аппарат басшысының 27.09.2013 N 35/01-17/820 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1–тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5) тармақшасына, 5 бабының 2 тармағына сәйкес жұмысқа орналастыруға мұқтаж бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелет жасқа толмаған түлектерін жұмыспен қамту және жұмысқа қабылдауға көмек көрсету мақсатында, Шарбақты ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 27 ақпандағы "Шарбақты ауданы бойынша 2012 жылы бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелет жасқа толмаған түлектеріне жұмыс орындарын квоталау туралы" N 55/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-13-143 тіркелген, 2012 жылғы 26 сәуірдегі аудандық N 17 "Трибуна" газетінде жарияланған) қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбында "2012 жылы" деген сөздерінен кейін "қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ" деген сөздерімен толықтырылсын;
      1 тармақта "бас бостандығынан" деген сөздерінің алдында "қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ" деген сөздерімен толықтырылсын;
      2 тармақта "мемлекеттік мекемесі" деген сөздерінен кейін "қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ" деген сөздерімен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары  Бақтылы Қайырбекқызы Қалыбаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Асқаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады