Шарбақты ауданы бойынша 2012 жылы қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелет жасқа толмаған түлектеріне жұмыс орындарын квоталау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 27 ақпандағы N 55/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 26 наурызда N 12-13-143 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімі аппарат басшысының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі N 35/01-17/820 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімі аппарат басшысының 27.09.2013 N 35/01-17/820 хаты).

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2012.06.22 N 218/4 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1–тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5)5-6) тармақшаларына сәйкес жұмысқа орналастыруға мұқтаж бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелет жасқа толмаған түлектерін жұмыспен қамту және жұмысқа қабылдауға көмек көрсету мақсатында, Шарбақты ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бас бостандығынан қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларды және интернат мекемелерінің кәмелет жасқа толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін, меншік құрылымына қарамастан Шарбақты ауданының кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санынан бір проценті көлемінде жұмыс орындары квотасы белгіленсін (келісім бойынша).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2012.06.22 N 218/4 (жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелет жасқа толмаған түлектеріне жұмысқа орналасуға және жұмысты таңдауға көмек көрсетсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2012.06.22 N 218/4 (жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бақтылы Қайырбекқызы Қалыбаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Смағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады