Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімі аппаратының 2013.01.10 N 02.01-01-25 хаты)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабы 2–тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Айыртау ауданының аумағында тұратын, халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің м.а. Б. Рақымов
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 26 қаңтардағы
№ 43 қаулысымен бекітілген
Айыртау ауданының аумағында тұратын, мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізімі
1. 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар.
2. 50 жастан үлкен жұмыссыз тұлғалар.
3. Бірде жұмыс істейтін адам жоқ отбасынан тұлғалар.
4. Бір жылдан ұзақ жұмыс істемейтін тұлғалар.
5. Техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарының түлектері.