2012 жылға Айыртау ауданының аумағында тұратын, мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізімін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы N 43 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 16 ақпанда N 13-3-149 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімі аппаратының 2013 жылғы 10 қаңтардағы N 02.01-01-25 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімі аппаратының 2013.01.10 N 02.01-01-25 хаты)

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабы 2–тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Айыртау ауданының аумағында тұратын, халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м.а.                        Б. Рақымов

Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 26 қаңтардағы
№ 43 қаулысымен бекітілген

Айыртау ауданының аумағында тұратын, мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізімі

      1. 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар.
      2. 50 жастан үлкен жұмыссыз тұлғалар.
      3. Бірде жұмыс істейтін адам жоқ отбасынан тұлғалар.
      4. Бір жылдан ұзақ жұмыс істемейтін тұлғалар.
      5. Техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарының түлектері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады