Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 23.05.2013 N 194 қаулысымен
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 тамыздағы № 1059 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 325 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 1877 мемлекеттік тізілімінде тіркелді, 2012 жылғы 1 желтоқсандағы № 49 «Есіл Өңірі» аудандық газетінде, 2012 жылғы 1 желтоқсанда № 49 «Новости Приишимья» аудандық газетінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «18 жасқа дейiнгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Тасмағанбетов